Бас бет
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Даму тұжырымдасы жарияланды
Академия жаналықтары
-
2012 жылдың 11 мамыры күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Швейцария Қаржы министрлігінің Федералдық қаржы басқармасының жетекшісі Фритц Цурбургердің «Швейцарияның федералдық қаржы жүйесі және қазыналық саясаты» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шараға Қазақстандағы Швейцарияның Төтенше және Уәкілетті Елшісі Стефан Неллен мен Академия ректоры Б. С. Әбдірәсілов қатысты.
-
2012 жылдың 11 мамыры күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Әбдірәсіловтың Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Пэк Чухен мырзамен кездесуі өтті.
-
Ректор Б. С. Әбдірәсіловтің 2012 жылдың 7–9 мамыры аралығында Украинаға сапары аясында Украина Президентінің жанындағы Ұлттық Мемлекеттік басқару академиясының президенті Ю. В. Ковбасюкпен, Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігі төрағасының бірінші орынбасары И. В. Поповпен кездесуі болып өтті.
-
2012 жылдың 11 мамыры күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Швейцарияның Қаржы министрлігі Федералдық қаржы басқармасының басшысы Фритц Цурбургтың «Швейцарияның федералдық қаржы жүйесі және қазыналық саясаты» тақырыбында дәрісі өтеді. Дәріс барысында Фритц Цурбург мырза Еуропалық сыртқы қарыз дағдарысының мәселелері бойынша сұрақтарға жауап береді.
-
2012 жылдың 3 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясы мемлекеттік және жергілікті басқару Институтында Академия ректоры Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлының бірінші курс магистранттарымен кездесуі өтті.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот Төрелігі институтында оқу жоспарларын, оқу процесінің әдістемесін талқылау, семинар, практикалық сабақтарды жүргізу мен магистранттардың Астана қаласының аудандық соттарында өндірістік практикадан өту мәселелерін қарау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істері жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А. Қасымовпен кездесу өтеді.
-
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында екі «Елші сағаты» өтті, онда дәріс оқығандар: Қазақстан Республикасындағы Ирак Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Раджих Сабер Аббуд аль-Мусауи мырза мен Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Василий Хачатурович Казарян мырза.
-
2012 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-де Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а мекен жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясының қорытындысына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік этносаясатын ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету: міндеттері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
-
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі» жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-практикалық конференциясы жұмысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалардың авторлары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 1-2-3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
-
2012 жылдың 26 сәуірі күні Академияда Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының шеңберінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі» тақырыбында жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті.