Ақпараттық-кітапхана қызметі

Ақпараттық-кітапхана қызметі (бұдан әрі – АКҚ) ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылар құрамының, магистранттар, докторанттардың білім беру, ғылыми-зерттеу, әдістемелік қызметін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

АКҚ міндеттері:
1.Академия қызметінің негізгі бағыттары бойынша кітапхана қорын қалыптастыру мен сақтау.
2.Толық мәтінді электрондық кітапхананы құру.
3.Барлық каталогтардың қазақ, орыс және шет тілдеріндегі түрлерін ұйымдастыру.
4.Оқу және ғылыми бағдарламалардың бөлімдері мен тақырыптары бойынша картотека жүргізу және деректер қорын жүргізу.
5.Академияның профессор-оқытушылар құрамы, тыңдаушылары, қызметкерлеріне кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету.

 

АКҚ негізгі функциялары
1.Кітапхана қорының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету.
2.Мүліктік және жалпы есеп кітабын ресімдеу.
3.Әртүрлі жеткізгіштерде каталогтардың көмегімен кітаптарды ғылыми өңдеуді жүзеге асыру.
4.Барлық каталогтардың қазақ, орыс және шет тілдеріндегі түрлерін ұйымдастыру;
5.Дәстүрлі жеткізгіштерді цифрлау, Электрондық кітапхана қорын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;
6.Шығарманы пайдалану құқығын алу негізінде ЖОО ішілік басылымдардың электрондық қорын құру және электрондық форматын қайта жаңарту;
7.Академияда білім бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу бағыттарын ескере отырып, экономикалық негізделген және пәндік-бағдарланған электрондық ақпараттық ресурстар қорын қалыптастыру.

 

Кітапхананың кітап қоры 57925 дананы құрайды.
Кітапханада анықтамалық-библиографиялық аппарат қалыптасқан (СБА).
Электрондық кітапхана жұмыс істейді http://lib.apa.kz/.
Сондай-ақ Web of Knowledge электрондық жарияланымдар базасына кіруге болады, база тұрақты түрде жаңартылатын жүз мыңдаған жарияланымнан тұрады және ол қызықтыратын тақырып бойынша нақты іздесу жүргізуге мүмкіндік береді, Springer – электрондық толық мәтінді деректер қоры, мына өнімдер қол жетімді: электрондық кітаптар, кітаптар сериясы, электрондық анықтамалықтар, журналдар, on-line-журнал мұрағаты.

 

Электрондық ресурстарға қол жеткізуге болады: ИНИОН (Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институты), lib.ru (Макс Мошков кітапханасы  - Рунеттегі мәтіндердің ірі кітапханасы, 1994 жылдан бері жұмыс істейді.  2004 жылдың мамырына 4,7 Gb мәтін), ТМД статистикалық комитеті, Eurostat (Еуропалық одақтың статистикалық офисі), ILO (Халықаралық еңбек ұйымы), IMF (Халықаралық валюта қоры), БҰҰ (БҰҰ статистикалық сайты), WHO (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық деректері), КазНЭБ (Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы), ҚР БҒМ ОҒК (ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасы).



Байланыс деректері
Астана қ., Абай көшесі, 33 а, 203-кабинет
Тел.: +7 (7172) 75 31 79, 75 34 98

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz