«Сыртқы саясат» кафедрасы

«Сыртқы саясат» кафедрасының негізі 1997 жылы қаланды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы – бұл дәстүр мен инновациялар жиынтығы. Сабақты мол тәжірибесі бар еңбек сіңірген мамандар, сондай-ақ жас ғалымдар жүргізеді. Шамамен 80 % оқытушылардың ғылыми дәрежелері бар. Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу қызметін белсенді жүргізеді, дәріс курстарын мен практикалық сабақтар шеңберінде қазіргі интерактивті технологияларды қолданады.
Дипломатиялық академияның құрылған кезінен бастап «Сыртқы саясат» кафедрасын 2004 жылға дейінгі аралықта саясат ғылымдарының докторы, профессор Жанылжан Хасымқызы Жүнісова басқарды. 2004 жылдан 2012 жылға дейін кафедраны тарих ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, профессор Дарико Мағауиянқызы Мәжиденова басқарды.
2012 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраға басшылық етуді заң ғылымдарының кандидаты Дана Әбдіжаппарқызы Абдакимова жүзеге асырады.
2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап кафедраның менгерушісі тарих ғылымдардың кандидаты Ерниязов Дамир Қаржауұлы тағайындалды.

 

2012–2013 оқу жылындағы білім алушылар контингенті:
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураның 1-курс магистранттарының саны – 18.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураның 2-курс магистранттарының саны – 11.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша докторантураның 1-курс докторанттарының саны екі адамды құрайды.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша докторантураның 2-курс докторанттарының саны бір адамды құрайды
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша докторантураның 3-курс докторанттарының саны үш адамды құрайды

 

Кафедраның ПОҚ штаты:
Ерниязов Д.Қ. – кафедра менгеруші, тарих ғылымдарының кандидаты;
Сүлейменов Т. С. – кафедра профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
Мәжиденова Д. М. – кафедра профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
Шерьязданова К.Ғ.. – доцент, PhD докторы.
Сыртқы саясат кафедрасы мына бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асырады:
MIR – Master of International Relations («6М020200 – Халықаралық қатынастар» магистратура;
Phd in International Relations («6D020200 – Халықаралық қатынастар») докторантура.
Кафедраның негізгі миссиясы – болашақ дипломаттарды теориялық және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Кафедра қызметінің негізгі түрлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі және орнымен, елдің мемлекеттік кадр саясатын құру мен жүзеге асырудағы сыртқы саяси басымдылықтарымен, айрықша ғылыми-білім беру мекемесі ретіндегі Академияның мәртебесімен айқындалған.
Сыртқы саясат кафедрасының Даму тұжырымдамасы жақындағы бірнеше жылдарда Сыртқы істер министрліктері мен өзге мемлекеттік органдарға қазіргі деңгейде кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жақсарту мақсатында кафедраның оқу және ғылыми қызметін жетілдіру қажеттілігімен айқындалады.
Бір уақытта кафедра Министрлік мүддесінде жүзеге асырылатын зерттеу орталығының қызметін, халықаралық қатынастардың басты үрдістерін талдауды, мемлекетіміздің сыртқы саясатының стратегиялық міндеттерін ғылыми зерттеуді орындайды.
«Халықаралық қатынастар» бейінінің оқу жоспары студенттердің сыртқы саяси қызмет саласындағы қажетті құзыреттіліктерді, тактика мен келіссөздер жүргізу технологиясы

 

«Халықаралық қатынастар» мамандығының модульдік бағдарламалары мазмұны:
• Дүниежүзілік дипломатия
• Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы
• Қазақстан Республикасының жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясаты
• Дипломатиялық хаттама және этикет
• Қазақстан Республикасы мен шет елдердің дипломатиялық қызметі
• Қазіргі интеграциялық процестер
• Консулдық қызмет. Дипломатиялық және консулдық құқық
• Қазақстан Республикасының энергетикалық дипломатиясы
• Халықаралық көпшілік құқық және басқасы.

 

Оқытудың бәсекелі басымдылықтары

Сыртқы саясат және дипломатия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының басты назары уақыт талабын есере отырып, дипломатиялық білім беруді модернизациялау арқылы магистранттардың кәсіби деңгейін арттыруға шоғырланған.
Кафедраның оқытушылары КСРО СІМ Дипломатиялық академиясының, МГИМО, Мәскеу, Будапешт, Висконсинск университеттерінің түлектері болып табылады. Кафедра мүшелері монографияларды, диссертацияларды рецензиялауға, редакциялауға, шетел дипломдарына ресми оппонент болуға, нострификациялауға, шетел гранттарына және ҚР БҒМ ғылыми-қолданбалы жобаларына қатысады.
Учебные программы магистратуры и докторантуры разработаны на основе изучения опыта дипломатических академий и ведущих вузов мира.
«Халықаралық қатынастар»мамандығы бойынша білім алушыларға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және вице-министрлерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше және Уәкілетті Елшілерінің, СІМ департаменттері, өзге министрліктер мен ведомстволар басшыларының дәрістерін тыңдау мүмкіндігі ұсынылған.
Кафедра пікір пен ғылыми тұжырымдамалармен алмасу алаңы болып табылады. Сонымен, кафедрада шет елден келген қонақтар дәріс оқиды: шет мемлекеттердің елшілері, Қазақстанда аккредитивтелген халықаралық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, шет мемлекеттердің көрнекті саяси қайраткерлері.
Сыртқы саясат кафедрасы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша MIR – Master of International Relations жаңа магистрлік және Phd in International Relations докторлық бағдарламалары бойынша дайындауды жүзеге асырады.

 

Ғылыми-зерттеу қызметі
Кафедра мына бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады:
• Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық қатынастары, қауіпсіздігі және сыртқы саясаты;
• қазіргі интеграциялық процестер;
• халықаралық қатынастар және дипломатия тарихы;
• Қазақстан Республикасының және шет елдердің энергетикалық дипломатиясы.
Оқу-әдістемелік әзірлемелер мұрағаты
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы азия сегменті (Калиекова М. А.)
• Қазақстан Республикасының жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясаты (Мажиденова Д. М.)
• Жаһандық коммуникациялар және қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі (Мәжиденова Д. М.)
• Дипломатиялық хаттама және этикет (Шерьязданова К. Г.)
• Дипломатиялық хаттама және этикет (Калиекова М. А.)
• Қазақстан Республикасы мен шет елдердің дипломатиялық және консулдық қызметі (Калиекова М. А.)
• Қазақстан Республикасы мен шет елдердің дипломатиялық және консулдық қызметі (ағылш.) (Мәжиденова Д. М.)
• ТМД-дағы интеграциялық процестер (Шерьязданова К. Г.)
• Келіссөздер жүргізу өнері және көпшілік дипломатия (Сүлейменов Т. С.)
• Әлемдік саясаттағы келіссөздер процесі өнері (Сүлейменов Т. С.)
• Консулдық қызмет. Дипломатиялық және консульдық құқық (Калиекова М. А.)
• Қазіргі халықаралық қатынастардағы жанжалдар (Калиекова М. А.)
• Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат саласындағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі (Мәжиденова Д. М.)
• Халықаралық қатынастарды зерттеу әдістемесі (Мәжиденова Д. М.)
• Әлемдік саясат (Мәжиденова Д. М.)
• Азия-Тынық мұхит өңіріндегі халықаралық қатынастар (Мәжиденова Д. М.)
• Халықаралық көпшілік құқық. Еуропа құқығы (Шерьязданова К. Г.)
• Халықаралық құқық және халықарылық ұйымдар (Шерьязданова К. Г.)
• Жалпыазиялық ынтымақтастық проблемалары (Мәжиденова Д. М.)
• Жалпыеуропалық ынтымақтастық проблемалары (орысша) (Сүлейменов Т. С.)
• Жалпыеуропалық ынтымақтастық проблемалары (Қаз) (Калиекова М. А.)
• Жаһандану процесі және қазіргі халықаралық қатынастар (Шерьязданова К. Г.)
• Қазіргі халықаралық қатынастардағы өңірлік өлшем (Мәжиденова Д. М.)
• Интеграциялық білім берудегі Қазақстан Республикасы (Шерьязданова К. Г.)
• Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ: стратегиялық әріптестік (Сүлейменов Т.С.)
• ҚР және ОА елдері (Орысша). (Шерьязданова К. Г.)
• ҚР және ОА елдері (Қаз) (Калиекова М. А.)
• Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты (Сүлейменов Т. С.)
• Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ТМД (Мәжиденова Д. М.)
• Қазақстан Республикасының қазіргі геосаясаты және сыртқы саяси басымдылықтары (Сүлейменов Т. С.)
• Еуразия кеңістігіндегі қазіргі интеграциялық процестер (Шерьязданова К. Г.)
• Қазіргі дипломатия және дипломатиялық қызмет (Мәжиденова Д. М.)
• Халықаралық қатынастарды талдаудың теориясы мен негіздері (Мәжиденова Д. М.)
• Әлемдік саясаттағы энергетикалық проблемалар (Калиекова М. А.)
• Энергетика және қоршаған орта проблемалары (Калиекова М. А.)
• Энергетикалық дипломатия. Құрастырушы: Калиекова М. А.
• Сыртқы саясат қызметіндегі басқару (Орысша) (Мәжиденова Д. М.)
• Сыртқы саясат қызметіндегі басқару (Қаз) (Калиекова М. А.)
• Шет елдердің салыстырмалы сыртқы саясаты (Калиекова М. А.)

 

Байланыс мәліметтері:
Айгерім Таймышева
Тел.: +7 (7172) 75 33 65

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz