Мемлекеттік және шет тілдер кафедрасы

Мемлекеттік және шет тілдер кафедрасы 

«Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ерекшелігін айқындайды, атап айтқанда кафедраның оқыту процесі мемлекеттік және саяси құрылымды, халықаралық байланысты, Қазақстан мен шетел дипломатиясын (әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және көршілес елдер) оқытумен тығыз байланысты.
Кафедра оқытушылары дайындаған бағдарламалар мен оқу құралдарында елімізде және экономикасы дамыған елдерде болып жатқан қоғамдық-экономикалық, саяси құбылыстар көрініс тапқан.
Шет тілдері кафедрасы 1999 жылы құрылды. Дипломатия институтының даму жылдарында құрылымдық өзгерістер болды: «Аударма ісі» мамандығының ашылуына байланысты кафедра «Әлемдік тілдер және аударма», «Тілдер және аударма» болып аталды. 2012 жылы Мемлекеттік тілдер кафедрасымен бірігуіне байланысты «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы болып аталды.
Кафедраның бірінші меңгерушісі ф.ғ.к. Р.А. Унайбаева болды, кейіннен кафедраны РhD В.С. Евсеев, доцент Б.С. Исина, ф.ғ.к. доцент С.З. Исабекова, ф.ғ.д., профессор А.Е. Біжкенова, ф.ғ.к. А.Б. Сәрсембаева, ф.ғ.д., профессор Э.Н. Оразалиева басқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметін Тілешова Жібек Кеңесбекқызы атқарады.
Кафедраның негізін қалағандар: ф.ғ.к. О.М. Скирдач (ағылшын тілі), доцент К.А. Бейсембаева (француз тілі), Г. Тамкович (испан тілі), Эдуардо Канетто (итальян тілі), К.С. Есімова (қытай тілі), сондай-ақ п.ғ.к. Ж.К. Тілешова мен А.А. Ищанова.

Кафедра құрамы

Кафедра меңгерушісі – Жібек Кеңесбекқызы Тілешова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
1. Зура Мажит – ф.ғ.к., доцент;
2. Нәзигүл Тұрысбекқызы Төленбергенова – п.ғ.к., профессор;
3. Құралай Өзбекқызы Айтмұхаметова – ф.ғ.к., доцент;
4. Құндыз Оразқызы Байғонысова – ф.ғ.к., доцент;
5. Айман Берікпайқызы Сарсембаева – ф.ғ.к. доцент;
6. Аэлита Анатольевна Ищанова – магистр, аға оқытушы;
7. Гүлдана Жалмаханқызы Жұмағұлова – магистр, аға оқытушы;
8. Ләззат Пернебекқызы Ақтанова – доцент;
8. Күләш Әбілдәқызы Абраева – аға оқытушы.

Шақырылған профессор-оқытушылар құрамы:
1. Андрео Ло Мео – итальян тілінің оқытушысы;
2. Рамзия Мансуровна Салеева – итальян тілінің оқытушысы;
3. Майра Абдуллақызы Сұлтанбердиева – араб тілінің оқытушысы;
4. Сория Эррера Инмакулада – испан тілінің оқытушысы;
5. Оскар Аревало Маурисио Балказар – испан тілінің оқытушысы.

Кафедраның миссиясы – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби бағдарланған өзге тілдік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Кафедра тұжырымдамасы – оқытудың әдіснамалық негіздерін зерделеу, оқыту сапасының мониторингін дамыту, жаңа лингводидактикалық технологияларды пайдалану негізінде мемлекеттік қызметшілерге білім беру жүйесінде өзге тілдік даярлықты жетілдіру:
- Шет тілін интегративті-қарқынды оқыту, ол білім алушылардың кәсіби міндеттерін шешу барысындағы нақты сөйлеу қызметінде кәсіби коммуникацияны дамытуға бағдарланған;
- Жалпыеуропалық құзыреттілік негізінде шет тілін деңгейлік оқыту: зерделеу, оқыту, бағалау (Common European Framework of Reference, CEFR);
- Кәсіби бағдарланған әдістемелер (іскерлік тіл, арнайы мақсаттарға арналған шет тілі);
- дербес оқытуды дамыту;
- бизнес-білім беру жүйесінде қолданылатын интерактивті оқыту әдістері (кейс-стади, рөлдік ойындар, дөңгелек үстел, ойталқы және т.б.);
- шет тілін оқытудың электронды және қашықтықтан оқыту бағдарламалары;
- аралық және қорытынды бақылауларды IELTS, TOEFL, DELF, DALF технологиясымен өткізу.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы:
1. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім алушылардың тілдік құзыреттілік деңгейін жетілдіру мақсатында инновациялық оқыту әдістемесін қолданады.
2. Оқу процесінде тіл оқытудың кәсіби бағдарланған материалдары мен интенсивті әдістеме элементтері пайдаланылады. Кафедра оқытушылары жыл сайын магистранттарды IELTS, TOEFL, DELF, DALF, TCF халықаралық емтихандарын тапсыруға дайындайды;
3. Кафедра сабақтарды сапалы өткізу үшін барлық қажетті заманауи оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген. Оқу процесі барысында компьютерлік және аудио дискілер, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, шетелдік оқу-әдістемелік кешендер қолданылады;
4. Кафедра шет тілдерін зерделеудегі ынталандыруды арттыру үшін Қазақстанда аккредиттелген шетелдік ұйымдардың өкілдерін шақыру арқылы іс-шараларды, сондай-ақ дәстүрлі түрде шет тілдер апталығын өткізеді.

Кафедрада оқытылатын тілдер:
1. Мемлекеттік тіл
2. Ағылшын тілі
3. Француз тілі
4. Итальян тілі
5. Араб тілі
6. Испан тілі

Кафедрада оқытылатын пәндер:
1. Ресми қазақ тілі
2. Ресми жазылым
3. Сөз мәдениеті
4. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
5. Бірінші шет тілі
6. Екінші шет тілі
7. Кәсіби қызмет саласындағы шет тілі
8. Іскерлік шет тілі

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласындағы тілдер және аударма» тақырыбындағы мәселелерді қамтиды.
Кафедра оқытушыларының мақалалары әр түрлі ғылыми жинақтарда, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Хабаршысы» журналында жарияланады. Кафедра оқытушылары Академияның және еліміздің басқа да жоғарғы оқу орындарында, Таяу Шығыс пен шет елдерде өтетін ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады. Кафедраның барлық профессор-оқытушылар құрамы Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Австрия, Германия, Египеттің жоғарғы оқу орындарында ғылыми, тілдік, педагогикалық тағылымдамалардан өткен.
2014 жылғы қыркүйек айында кафедра «Қазақстанның социомәдени кеңістігіндегі тілдер: лингвистикалық, лингвоәдістемелік және аударма жасау аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
2015 жылдың сәуір айында шетелдік ғалымдар, елшілік уәкілдері, тіл және мәдениетті дамыту орталықтарының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруіне ықпал етуші экстралингвистикалық факторлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды:
1. Тілді оқытудың теориясы мен практикасы;
2. Аударманың теориясы мен практикасы;
3. Когнитивтік лингвистика;
4. Психолингвистика.

1. Кафедра аясында ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын, 2012–2014 жж. жоспарланған «Қазақстандағы аударматану (қазақ және шет тілдері): әдістемелік негіздері мен принциптері» тақырыбындағы ғылыми жоба жүзеге асырылып келеді. Жобаға қатысатын оқытушылар: З. Мажит, Д. Асанова, Н. Төленбергенова, А. Сарсембаева және Г. Жұмағалиева.

Ғылыми жоба зерттеулері кафедрада әзірленетін ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарда, оқытушылардың монографияларында, оқу құралдарында және ғылыми мақалаларында көрініс табуда.
2. Шет тілін оқыту процесі кезінде жаңа әдістер мен тәсілдер арқылы ұйымдастыру теориясын зерттеу (Blended learning and flip method) назарға алынады.

Зерттеу бағытының мақсаты – лингвистикалық білім беру саласындағы қазіргі зерттеу қызметі; компьютерлік технологияны қолдану арқылы мамандар даярлауды қамтамасыз ететін «Тілдік портфолио» атты жаңа оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу.

Аталған бағыт шеңберінде мына оқытушылар жұмыс істеуде:
Педагогика ғылымдарының кандидаты – Ж.К. Тлешова
Гуманитарлық ғылымдар магистры – А.А. Ищанова

Кафедраның ынтымақтастығы:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитеті
3. Америка Құрама Штаттарының ҚР-дағы Елшілігі
4. Германияның ҚР-дағы Елшілігі
5. Австрияның ҚР-дағы Елшілігі
6. Францияның ҚР-дағы Елшілігі
7. Италияның ҚР-дағы Елшілігі
8. БАӘ-ның ҚР-дағы Елшілігі
9. Түркияның ҚР-дағы Елшілігі
10. Қоғамдық ұйымдар: «Француз Альянсы» (Астана қ.), Британия Кеңесі (British Council), «Macmillan» баспасы, «Inter Press» баспасы, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі жанындағы ақпараттық ресурстық орталық.

Оқытудың бәсекелестік артықшылықтары
1. Кафедраның жоғары білікті педагогикалық құрамы (Ұлыбритания, Франция, Австрия, Италия, Мәскеу және т.б. шетелдік ЖОО-дағы тағылымдама);
2. Италия, Вена дипломатиялық академиясы және Францияның ЖОО-мен әріптестік қатынастар; елшілік өкілдерімен тұрақты кездесу, «Елшілік сағаттары»;
3. Кәсіби-бағдарланған тілдік даярлық;
4. Академиялық шет тілі – академиялық хат;
5. Интенсивті түзету/коррективті (лексико-грамматикалық) курсы;
6. Мәтіндік әрекет
7. Жобалық әрекет (Case study – Problem solving);
8. Интерактивті оқыту;
9. Интегралды оқыту;
10. Қашықтықтан оқыту;
11. Шешендік өнер – Риторика;
12. IELTS, TOEFL-ға дайындық, оқу процесі халықаралық емтихандарға (IELTS, DELF, TOEFL) дайындалуға және тапсыруға бағытталған;
13. Оқу процесін жүргізуге ағылшын, француз және итальян, испандық өкілдер шақырылады.

Пайдалы сілтемелер (электрондық кітапхана және т.б.):
http://www.britishcouncil.org/kazakhstan.htm
http://www.ablaikhan.kz/ru/
http://www.diplomatie.gouv.fr/en/
http://www.france.fr/en
http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa
http://www.macmillan.ru/
http://inter-press.ru/
http://infonpo.ucoz.kz/
http://www.ambastana.esteri.it/Ambasciata_Astana
http://urist.kz/
http://mtdi.kz/
http://www.edu.gov.kz/
http://www.ukimet.kz/
http://www.akorda.kz/
http://www.adilet.gov.kz/
http://www.mki.gov.kz/
http://www.mfa.kz/
http://emer.gov.kz/
http://www.educontrol.kz/
http://www.kyzmet.kz/
http://supcourt.kz/kaz

Байланыс мәліметтері
Тел.: 75 33 81

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz