Академиялық бағдарламалар орталығы

Академиялық бағдарламалар орталығы Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары («магистратура» және «докторантура») бойынша оқу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
 
Мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласында алдыңғы қатарлы білім беру саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру.
 
Келешектегі көрінісі
Академиялық бағдарламалар орталығы – мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қамтитын озық білім беру саясаты мен тәжірибесіне әкімшілік ететін жетекші бөлімше.

Құндылықтары
Кәсібилік. Өзгерістерге бейімделу. Адалдық. Нәтижеге бағытталу. Ашықтық.

Академиялық бағдарламалар орталығының функциялары
·    Академиялық саясат және рәсімдерді әзірлеу мен жүзеге асыруды үйлестіру;
·    Оқу процесін оқу және оқу әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингілеу;
·    Оқыту тиімділігі мен оқу процесін ұйымдастыру сапасын мониторингілеу;
·    Оқу процесі мен білім алушыларды әкімшілік қолдауды жүзеге асыру (сабақ кестесін жасау, білім бақылау, қорытынды аттестаттау; оқудан шығару, ауыстыру, академиялық демалысқа жіберу, оқуға қайта қабылдау және т.б.);
·    Аудиториялық қорды толтыру мен бөлуді мониторингілеу;
·    Білім алушылардың оқу жетістіктерін барлық оқу кезеңі ішінде мониторингілеу, дипломдар мен транскриптерді дайындау;
·    Академияға жаңадан оқуға түскендердің  жеке істерін қалыптастыру, оларды сақтау және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
·    Академия көрсететін мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға қатысу және оларды көрсету нәтижелеріне мониторинг жүргізу, басқару органына тоқсан сайын есеп беру.

Байланыс телефондары

Мекенжай:  Астана қ.,  Абай көшесі 33а, № 707-710 каб.

Телефон: +7 (7172) 33 95, 75 33 93

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz