«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Кафедра миссиясы – маманның мемлекеттік билік органдары және жергілікті басқару органдарында қызмет етуі үшін жоғары деңгейлі экономикалық құзыреттілігімен жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлғалығын қалыптастыру.

 

Миссияның құрамдас бөліктері:
• магистранттарға қатысты – сапалы, қазіргі заманғы экономикалық білімді алуда олардың қызығушылықтарын максимальды түрде қанағаттандыру.
• профессор-оқытушылар құрамына қатысты – жұмыс жасау үшін және өзінің шығармашылық пен ғылыми әлеуетін толықтай ашуға қолайлы жағдай жасау.

 

Даму тұжырымдамасы:
• Академия мен жұмыс берушінің талаптарына сәйкес оқу жоспары, силлабустар, оқу-әдістемелік кешендерді үнемі жетілдіру;
• жаңа білім беру технологиялары мен оқытудың инновациялық нысандарын енгізу;
• қазіргі заманғы озық әдебиеттерді пайдалану;
• кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамыту;
• оқу мен ғылыми процеске мемлекеттік билік органдарының жоғары білікті оқытушылары мен практикалық қызметкерлерін қатыстыру;
• жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру.

 

Білім беру бағдарламалары:
• Магистратура «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» (MPA) оқу мерзімі – 1 жыл;
• Докторантура «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» (PhD) оқу мерзімі – 3 жыл;

 

Оқытудың бәсекелес басымдылығы:
• Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз байланыс.
• Жоғары білікті профессор-педагогикалық персонал.
• Жаңа білім беру технологияларын кеңінен қолдану.

 

Зерттеудің басымдылық бағыты:
• Өңірлер экономикасы
• Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу
• Қаржыны басқару
• Стратегиялық басқару және жоспарлау
• Экономиканы мемлекеттік реттеу
• Мемлекеттің экономикалық саясаты

 

Байланыс мәліметтері:
Әбіл Ерлан Қуанышұлы,
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, э.ғ.к
Тел./факс 571522

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz