ЖАҢАЛЫҚТАР

Жобаларды басқару саласындағы сертификаттау

iso21500

2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы» персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органы «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқау» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарт талаптарының сәйкестігіне «Жобаның басшысы» (1 деңгей) санаты бойынша жобалық менеджмент саласындағы персоналдың сертификаттау емтиханын өткізеді.

Сертификаттауға қажетті құжаттар:

-      үміткердің өтініші (нысан бойынша);

-      үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

-      үміткердің жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

-  үміткердің жобалық менеджмент саласында кем дегенде 1 жыл тәжірибесі туралы анықтамасы (нысан бойынша);

-      жобаларды басқару тақырыбындағы кем дегенде 35 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы құжаттар (сертификаттар) көшірмелері немесе жоғарғы оқу орнында жобалық менеджмент курсын кем дегенде 2 кредит санында тындағаны туралы транскрипт.

 Үміткерлерге қойылатын басты талаптар Академияның ресми сайтында («Орталықтар» қосымша парағы) орналастырылған.

Сертификаттау бағасы: 30 000 теңге.

Құжаттар 2018 жылдың 15 мамырына дейін Астана қ., Абай даңғылы, 33а – 206 кеңседе немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы бойынша қабылданады.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz