ЖАҢАЛЫҚТАР

Басшылық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясының (Аустрия, Вена қаласы) ректоры Мартин Кройтнер мырзамен кездесу өткізді

IMG 5739Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясының (Аустрия, Вена қаласы) ректоры Мартин Кройтнер мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Академияның магистрлік білім беру бағдарламаларына шолу жасалынып, оқуға қабылдану үрдістері жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі озық тәжірибелер мен жемқорлыққа қарсы бастамаларды одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.
Өз кезегінде Кройтнер мырза Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясының магистр бағдарламалары туралы және аталған оқу бағдарламаларына қабылдану талаптары жайлы сөз қозғады. Қаржыландыру қөздерінің Аустрия Үкіметі, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асатыны айтылды.


Сонымен қатар қос тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы елдердің ғылыми әлеуетін және аткарылып жатқан реформаларды талқылап, бұл саладағы білім беру мекемелерінің рөлін талқылады.
Кройтнер мырза Академияның жұмысына жоғары баға бере отырып, тараптар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосуға дайын екендігін білдірді. Бастама ретінде магистранттардың тағылымдамаларын ұйымдастыру, оқытушылар мен профессор құрамаларының өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылмақ.


adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz