ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры Фатима Жақыпова Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Султан Эсса Альджабермен кездесу өткізді

OAEaguБүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры Фатима Жақыпова Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Султан Эсса Альджабермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Академия мен Мохаммед Бин Рашид Мемлекеттік басқару мектебі (Дубай қ.) және БАӘ Дипломатиялық академиясы (Әбу-Даби қ.) сияқты БАӘ-нің жетекші оқу орындары арасында ынтымақтастықты ұлғайту сұрақтары талқыланды. Әсіресе, оқу бағдарламаларын жетілдіру,  мемлекеттік қызмет, электрондық үкімет, жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы озық тәжірибелерді зерттеу өзектілігі атап көрсетілді.

Сонымен қатар, БАӘ-нің мемлекеттік қызметшілері үшін Академияның магистратура бағдарламаларында оқу мүмкіндіктері талқыланды. Академия ректоры БАӘ-нің тиімді реформаларды жүзеге асыратынын атап өтіп, серіктес жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендігін хабарлады. Екіжақты ынтымақтастықтың дамуы жолында  Академия магистранттарының БАӘ-ның оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі,  өзара оқытушылардың тәжірибе алмасу шаралары, бірлескен іс-шаралар мен зерттеу жұмыстарын жүргізу бағыттарының  маңыздылығы атап өтілді. Елші Мохаммад Ахмад Султан Эсса Альджабер өз кезегінде Академияның қызметін жоғары бағалап, бірлескен бастамаларды және жобаларды қолдауға толық дайын екендігін жеткізді.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz