ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ-герман Мәдени әріптестік комиссиясының отырысына қатысу туралы

IMG-20171204Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық әріптестік орталығының басшысы Елькеева Ш.С. қазақ-герман мәдениет және білім саласындағы әріптестік жөніндегі аралас комиссиясының 5-ші отырысына қатысты.

Қазақстан тарапынан жұмысты Мәдениет және спорт министрлігі, ал герман тарапынан Германия Федеративті Республикасының Сыртқы істер минитрлігі жүргізді. Отырыс хаттамасының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласындағы ынтымақтастық» атты 9 тармағына қатысты Елькеева Ш.С. Комиссияны Ханнс Зайдель Қоры және DBB Академиясымен (Германия) әріптестіктің жайы туралы хабардар етті.   Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға арналған бірлескен бағдарламаның аясында 10 жылдың ішінде Ханнс Зайдель Қоры Академияның магистратура бағдарламасында мамандарды даярлауға 113 грант бөлді.

Оның ішінде 80 грант Қазақстанның өңірдегі мемлекеттік қызметшілері үшін, 21 грант Қырғызстан және 12 грант Тәжікстанның мемлекеттік қызметшілері үшін берілген. Академия мен Ханнс Зайдель Қоры арасындағы Келісімге сәйкес, Ханнс Зайдель Қоры шәкіртақы, жол және магистранттар үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға қатысты шығындарды көтереді.

Академия тарабы «Мемлекеттік басқару» бір жылдық магистратура бағдарламасы бойынша оқытуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бағдарламаның 3 үздік түлегі, әр мемлекеттен біреуден, және бірлескен бағдарламаның 2 үздік оқытушысы Академияның ұсынысы негізінде Ханнс Зайдель Қорының қаржылық қолдауымен Бавария мемлекеттік басқару мектебінде тағылымдамадан өтеді.

Оған қоса, Ханнс Зайдель Қоры Германиядан шақырылған профильді мамандардың қатысуымен мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Аталмыш бағдарлама Академияның Басқару институтында жүзеге асырылады. Академия бұл әріптестікті өңірлік тұрақтылықты және ҚР өңірлерінде мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуға, мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы қазақстандық стандарттарды алға бастыруға қосқан үлесі ретінде қарастырады.

Сондай-ақ, 2012 жылы қол қойылған Әріптестік туралы келісім аясында,  Академия DBB Академиясымен (Германия) әріптестік қарым-қатынастарды іске асырады. Аталған ынтымақтастықтың шеңберінде Басқару институтының 28 магистранты 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында DBB Академиясында тағылымдамадан өтті.

Академияның ұсынысы бойынша комиссия отырысының Хаттамасына Германия СІМ-нің «Халықаралық дипломатиялық оқыту» бағдарламасы шеңберінде біліктілікті арттыру үшін Академияның Дипломатия институтына 1 квота (1 адам жыл сайын) бөлу туралы тармақ енгізілді.

Оған қоса, Академияның ұсынысы бойынша Комиссия Ханнс Зайдель Қорына оқушылар санын арттыру және бағдарламаның географиясын кеңейту, атап айтқанда – оның құрамына Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік қызметшілерін қосу туралы ұсыныспен жүгінеді.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz