ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәнмәтінінде мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік практика және Өзбекстан тәжірибесі» атты халықаралық конференцияна қатысу

IMG 10642017 жылғы 3–4 қарашада Академия ректоры Фатима Жақыпова және Халықаралық әріптестік орталығы басшысының орынбасары Айбек Сагынаев «Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәнмәтінінде мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік практика және Өзбекстан тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция Өзбекстандағы Ұлыбритания Елшілігінің көмегімен, БҰҰДБ-мен бірлесе отырып, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ұйымдастырылды. Өзбекстанның министрліктері мен ведомстволарының, жоғары оқу орындарының басшылары, Ресей Федерациясынан, Сингапурдан, Корея Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, БҰҰДБ-дан, Өзбекстандағы ЕҚЫҰ-ның үйлестіруші офисінен, KOICA және басқа да халықаралық ұйымдардан келген сарапшылар конференция жұмысына қатысты.  

 

Конференцияның негізгі мақсаты Өзбекстан Республикасындағы Дамудың бес басым бағыттары бойынша іс-қимыл Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау шеңберінде әзірленген «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» заң жобаларын талқылау, мемлекеттік басқару органдары үшін жоғары білікті кадрларды дайындау мен іріктеудегі озық шетелдік тәжірибені зерделеу болды.   

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Фатима Жақыпова: «Жаһандану жағдайында жоғары зияткерлік әлеуеті бар кадрларды іріктеу  басқару жүйесінде техникалық және технологиялық жаңарту бағдарламаларын жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік туғызады. Әсіресе, Мемлекет басшыларымен әзірленген кең ауқымды жаңарту бағдарламалары мен тұжырымдамаларын іске асыруға қабілетті, мемлекеттік қызметтің қызметкерлерін даярлауға және қайта даярлауға ерекше көңіл бөлу керек», - деп атап өтті.    

Сондай-ақ, Академия ректоры Фатима Жақыпова «Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін жетілдірудің жағдайы және негізгі бағыттары» атты конференцияның бірінші секциясы отырысының модераторы болды, онда Өзбекстан Республикасындағы Әкімшілік реформаның тұжырымдамасы, оның құқықтық және заңнамалық қамтамасыз етілуі талқыланды.

 

 

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік кадрлық саясат жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданатын болады. 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz