ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша семинар басталды

IMG 0683Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 10-13 қазан аралығында «Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттері мен базалық тиімді мінез-құлқын дамыту және «әдептілік» құзыреті арқылы кез келген сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік танытуға дағдыландыру болып табылады.

Семинарда келесідей сұрақтар қарастырылады: мемлекеттік қызметшілердің тиімді және тиімді емес мінез-құлқының психологиялық аспектілері, мемлекеттік қызметшінің жеке базалық мінез-құлық деңгейін  дамыту ерекшеліктері, топтың мінез-құлық деңгейінің дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мән мәтінінде саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және әдептілікті қалыптастыру және т.б.
Семинар аясында қатысушылар психометрикалық тестілеуден өтеді, тестілеу нәтижелерінің негізінде мемлекеттік қызметшілер  жеке (тұлғалық) мінез-құлықтарын талдай алады.
Тыңдаушылар алдында психология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Әбдіқалықова Марта Наушақызы, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің доценті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді зерттеу бойынша ғылыми-талдау орталығының басшысы Давлетбаева Жұлдыз Жетпісбайқызы сөз сөйлейді.
Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz