ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда шетелдік эксперттер бюджеттеу және қаржылық әкімшілендіру саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

IMG 0448Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  2017 жылдың 9-11 қазаны аралығында шетелдік сарапшылар Филип Го және Герардус Уйтендаал «Бюджеттеу және қаржылық әкімшілендіру: жетекші елдердің тәжірибесі» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Орталық сайлау комиссиясының, Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Семинар барысында бюджеттік құрылым, бюджеттуедің құралдары мен техникалары, сонымен қатар бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін жүзеге асыру мәселелері қарастырылатын болады. Тыңдаушылар негізгі драйверлерді, мемлекеттік сектордағы қаржылық басқарудың негізгі тұжырымдамаларын, бюджеттеуге жалпы көзқарастардың күшті және әлсіз жақтарын, дамыған елдерде қолданылатын мемлекеттік қаражатты пайдалану туралы қаржылық ақпараттарды есепке алуға мүмкіндік алады.

Эксперттер: Филип Го (Сингапур) – ұйым қызметінің қаржылық нәтижелері мәселелері бойынша халықаралық коснультант. Бизнес-аналитика, бизнес-процестер, шешім архитектурасы, қаржылық консолидация, бюджеттеу және жоспарлау, деректерді басқару, деректерді интеграциялау, Hyperion HFM, Cognos және т.б. сияқты салаларда маманданған. IBM Software Group - Grows Markets Unit-да қаржы консолидациясына ерекше назар аудара отырып, тиімділік мәселелері бойынша сарапшы болып жұмыс істеді. Ол Сингапур, Индонезия, Тайвань, Тайланд, Малайзия, Үндістан, Қытай, Филиппин және басқа елдерде көптеген тренингтер өткізді.

Герардус Уйтендаал (Нидерланд) – тәуелсіз кеңесші, фасилитатор және коучер. Оның корпоративтік қаржы, менеджмент тәуекелі, қаржы мониторингі, мемлекеттік органдарда бюджеттеу және мемлекеттік сектордағы қаржыландыру, МЖӘ жобалары мен жекешелендіру бойынша аудиторлық қызметті қоса алғанда 25 жылдық тәжірибесі бар. Нидерландыдағы Әділет министрлігінің қаржылық кеңесшісі, ірі компаниялардағы жоғары басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол және ТМД-да «Deloitte» компаниясының серіктес басшысы болған.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz