ЖАҢАЛЫҚТАР

Академия бірінші курс білім алушыларына өз есігін айқара ашты!

IMG 7930

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академияға бірінші курсқа оқуға түскендерге арналған  Бағдарлану аптасына бастау болған салтанатты іс-шара өтті.

2017-2018 оқу жылындағы Академия қызметінің негізгі басымдылықтары туралы алғашқы дәрісті Академия ректоры Жақыпова Фатима Надырқызы өткізді. Ол 2017-2018 жаңа оқу жылының басталуымен профессор-оқытушылар құрамын және білім алушыларды құттықтады. 

 

 

 

IMG 7955

Академия қызметінің қағидаттары мен құндылықтары туралы айта отырып, Фатима Надырқызы Академияда әрбір оқуға қабылданушының кәсіби құзыреттіліктерін толыққанды дамыту үшін жағдай жасалғандығын атап өтті.

Оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор Альтаир Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Ол Академияның студенттік және профессор-оқытушылар қоғамдастықтарының арасындағы конструктивті диалог құрудың негізі болатын негізгі моральдық-этикалық қағидаттарды атап кетті. 

Әкімшілік мәселелер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-ректоры Еркін Дүсіпов, бірінші курс білім алушыларын құттықтай отырып, мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі негізгі мақсат Қазақстан халқына қызмет ету болып табылатынын еске салды және Академия қабырғасында оқыған әрбір білім алушы алған білімдерін өзінің кәсіби қызметінде тиімді қолдана алатындығына сенім білдірді. 

Әрі қарай Академия және Студенттер үйіндегі ішкі тәртіп ережелері, ақпараттық ресурстар мен технологиялар туралы, заңдық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу, персоналды басқару және қаржы-экономикалық қызмет бөлімдерінің қызметі туралы Академия қызметтерінің презентациялары өтті, таныстырылым барысында білім алушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскендерге арналған бағдарлану аптасы қыркүйектің 4-нен бастап 8-не дейін жалғасатындығын еске саламыз. Бағдарлану аптасы барысында Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері түрлі тренингтер мен семинарларды өткізетін болады, студенттік өмір туралы баяндап, көптеген сұрақтарға жауап береді.  

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz