ЖАҢАЛЫҚТАР

СІМ және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастықты жандандыруды уағдаласты

midСыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының басшылығы ректор Фатима Жақыпова, проректор Альтаир Ахметов және Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академия басшысы оқу жүйесін жаңғырту, профессорлық-оқытушылар құрамының деңгейін жоғарылату және заманауи талапқа сәйкес Академия тыңдаушыларының жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Ф. Жақыпова Академия мен Дипломатия институтын одан әрі реформалардың орта мерзімдік перспективаға арналған жоспарымен бөлісті.

Өз кезегінде Министр сыртқы саяси ведомствоның қажеттілігіне орай қазақстандық дипломаттардың кәсіби деңгейін арттыру туралы хабарлап, сондай-ақ Дипломатия институтының оқу бағдарламасын мазмұндық толықтырудың кейбір мәселелері бойынша ұсыныс енгізді. Нақты өңірлер және халықаралық өзекті мәселелер бойынша мамандар даярлау қажеттілігіне назар аударды.

Аталған кездесу барысында СІМ мен Академия арасындағы, одан әрі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың ықтимал жаңа бағыттары талқыланып, Мемлекет басшысының бағдарламалық, оның ішінде бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында берілген нұсқауларды іске асыру мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство үшін мүдделі бағыттарды ескере отырып, Дипломатия институтының талдамалық зерттеу жұмысын дамыту ұсынылды.

Министр Академия тыңдаушыларына практикалық тәжірибе мен білім беру мақсатында СІМ басшылық құрамының оқу процесіне қатысуы мәселесі бойынша Академияға және Дипломатия институтына одан әрі жәрдем көрсетуге ниет білдірді.Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының басшылығы ректор Фатима Жақыпова, проректор Альтаир Ахметов және Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академия басшысы оқу жүйесін жаңғырту, профессорлық-оқытушылар құрамының деңгейін жоғарылату және заманауи талапқа сәйкес Академия тыңдаушыларының жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Ф. Жақыпова Академия мен Дипломатия институтын одан әрі реформалардың орта мерзімдік перспективаға арналған жоспарымен бөлісті.

Өз кезегінде Министр сыртқы саяси ведомствоның қажеттілігіне орай қазақстандық дипломаттардың кәсіби деңгейін арттыру туралы хабарлап, сондай-ақ Дипломатия институтының оқу бағдарламасын мазмұндық толықтырудың кейбір мәселелері бойынша ұсыныс енгізді. Нақты өңірлер және халықаралық өзекті мәселелер бойынша мамандар даярлау қажеттілігіне назар аударды.

Аталған кездесу барысында СІМ мен Академия арасындағы, одан әрі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың ықтимал жаңа бағыттары талқыланып, Мемлекет басшысының бағдарламалық, оның ішінде бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында берілген нұсқауларды іске асыру мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство үшін мүдделі бағыттарды ескере отырып, Дипломатия институтының талдамалық зерттеу жұмысын дамыту ұсынылды.

Министр Академия тыңдаушыларына практикалық тәжірибе мен білім беру мақсатында СІМ басшылық құрамының оқу процесіне қатысуы мәселесі бойынша Академияға және Дипломатия институтына одан әрі жәрдем көрсетуге ниет білдірді.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz