ЖАҢАЛЫҚТАР

Тілдік құндылық – ұлт табысы

IMG 2581

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында үш тілді ілгерілету аясында мемлекеттік және ағылшын тілдерінен интенсивті-тренингтік және қашықтықтан оқыту семинарлары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер интенсивті-тренингтік семинарларда қызметтен қол үзіп, Академияда оқытылады.

Оқыту бағдарламалары орфографиялық сауаттылық, құжаттама жүргізу және басқару, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ұсынылатын барлық тақырыптар ресми стильде жүргізіліп, жоба қорғатылып, мемлекеттік органның тілдік қажеттілігін қамтамасыз етуде.
Оқыту лектер арқылы жүзеге асырылуда. 2017 жылғы 16 маусымда министрліктерден жинақталып, 17 сәуір – 16 маусым аралығында мемлекеттік тілден құзыреттіліктерін жетілдірген 1-лектің 100 мемлекеттік қызметшісіне салтанатты түрде сертификат табысталды.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz