ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында тілдік біліктілікті арттыру семинарлары жүргізіледі.

IMG 3693

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Республикасында үштілділікті арттыруды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Академияда 2017 жылғы 17 сәуір – 13 қазан аралығында «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында тілдік біліктілікті арттыру семинарлары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші басқару функцияларын атқаратын ресми тұлға. Кәсіби қызметінде, күнделікті қарым-қатынас барысында мемлекеттік тілді ресми стильде еркін қолдана алулары қажет. Алайда іс жүзінде мемлекеттік қызметшілердің шамамен 30 пайызының ғана қызмет қағаздарын ресми стильде толтырып, өз бетімен аналитикалық сараптамалық жазылымдарды құрастырып, еркін түрде коммуникацияға түсе алатыны көпшілікке мәлім.
Ал 70 пайызының оқу, жазу, қарым-қатынасқа түсу, яғни тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру қажет.

Академия ересек аудиторияны, соның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдысын жетілдіруді ғылыми тұрғыдан зерттеп, интенсивті және қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері мен әдістемелерін әзірледі.
2016 жылдан ұсынылып отырған жаңа форматтағы оқытудың артықшылығы – тыңдаушылардың мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі жазбаша, ауызша құзыреттіліктерін интенсивті және қашықтықтан оқыту арқылы жетілдіру болып табылады.
Министрліктерден жинақталған тыңдаушыларға «Ресми-іскерлік қазақ тілі», «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және риторика», «Ағылшын тілінде сөйлеу және жазу дағдылары», «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыптарында интенсивті-тренингтік және «Мемлекеттік қызметшінің оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық дағдыларын тыңдау, тыңдап түсіну дағдыларын А1-А2, В1 деңгейлерінде қалыптастыру» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарлары ұсынылады.

{gallery}news/02.05.2017{/gallery}

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz