ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін қалыптастыру сұрақтары бойынша семинар өтті

сем2017 жылдың 26-28 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Канададан келеген сарапшы Стефан Магуайрдың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтегі негізгі құндылықтар тұжырымдамасы. Мемлекеттік қызметшінің этикалық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, Жоғарғы сот кеңесінің, Есеп комитетінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда этикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша құзыреттіліктерін дамыту.

Семинар барысында мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтары, этикалық тәуекелді анықтау және төмендету, тәуекелді төмендетудегі құндылықтардың рөлі, стратегиялық құндылықтардан этикалық құндылықтарды ажырата отырып, этикалық сауаттылық, этикалық бірегейлік және шешім қабылдау сұрақтары қарастырылатын болады.

Доктор Стефен Магуайр Карлтон университетінің Құндылықтар және этика бойынша орталығының атқарушы директоры (Канада), сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметін кәсібилендіруге қатысты жобаның жетекші ғылыми қызметкері болып табылады. Оның бұл ғылыми жобасы Канадада, АҚШ-та, Ямайкада, Кайман аралдарында, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Гонконг пен Үндістанда презентациядан сәтті өткен. Доктор С. Магуайр Канаданың денсаулық сақтау министрлігін, Иммигранттар және босқындар бойынша кеңесін, Канаданың полиция органдары басшыларының ассоциациясын, Оттаваның полиция қызметін, Қаржылық бас инспектор офисін және т.б. қоса алғанда, көптеген федеральды мемлекеттік органдарда этика мәселелері бойынша консалтингтік қызмет көрсеткен.

Семинар қатысушылары мемлекеттік қызметтегі этика саласындағы білімдерін кеңейтіп, функционалдық міндеттерді тиімді орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар алады.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz