ЖАҢАЛЫҚТАР

«Аса ірі этностардың тарихын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» ғылыми жобасының презентация

през2017 жылғы 25 сәуірде «Аса ірі этностардың тарихын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» ғылыми жобасының презентациясы өтті.

Жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырды. Жобаның мақсаты – Қазақстанда этносаарлық, конфессияаралық қатынастар тарихын зерделеу, Қазақстанның аса ірі этностарының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу.

Жобаны іске асыруға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, шақырылған сарапшылар қатысты. Жалпы алғанда, жоба бойынша социология, тарих, философия және саясаттану ғылымдарының сегіз ғылым докторы, тоғыз ғылым кандидаты, бес магистрі жұмыс істеді.

Презентацияда Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі сөз сөйледі.

Жобаның зерттеу тобының мүшелері жобаны таныстыратын болады: Садвокасова А.К., ғылыми жетекші; Кан Г.В., тарих ғылымдарының докторы, ҚХА ҒСК мүшесі, Артыкбаев Ж. О., тарих ғылымдарының докторы, профессор; Камалов А.К., тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Рецензенттер атынан Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Садыков Тлеген Садықұлы сөз сөйлейді.

Жоба аясында Қазақстанның өңірлерінде социологиялық, этнологиялық, далалық зерттеулер жүргізілді, Қазақстанның аса ірі этностарының тарихы бойынша екі тілдегі монография дайындалды. Оның ішінде орыстар, қырғыздар, немістер, поляктар, кәрістер, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, татарлар, күртілер, белорустар, шешендер мен ингуштар бар.

Алғаш рет Қазақстанынң кейбір ірі этностары бойныша тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйеленді, дәстүрлер, салт, дін тұту, сондай-ақ ірі этнос өкілдерінің ғылым мен білім, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері бойынша материалдар жинақталды, этномәдени орталықтардың жұмысы, Қазақстанның этностарын дамытудың демографиялық өлшемдері талданды.

Зерттеу қорытындысы бойынша зерттеу материалдарын мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар, білім беру және тәрбие ұйымдарының жұмысында қолдану бойынша ұсынымдар әзірленді.

Бұл жұмыстың маңызды практикалық нәтижесі – алынған материалдарды оқу процесінде пайдалану, қазақстандықтардың ұлттық кодының негізі ретінде тарих пен дәстүрді тану арқылы патриотизмді тәрбиелеу болып табылады.

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz