«Il Buon Governo» Гранты (Тиімді үкімет) конкурсы

конкурсҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Италияның Қазақстандағы Елшілігімен және «LATTANZIO Group» консалтинг компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның жастары арасында «Il Buon Governo» (Тиімді үкімет) грантын алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруындағы қазіргі реформаларға арналған үздік зерттеу жұмысын жазу үшін конкурс жариялады.
Конкурстың мақсаты: жастардың «Қазіргі, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат» бірінші институционалдық реформасын және «Транспарентті есеп беретін мемлекет» бесінші реформасын іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына өз үлестерін қосуына мүмкіндік беру.
Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар www.buongovernoawd.it сайтында орналастырылған.
Конкурс жеңімпаздары:
1-ші орын – 6 ай зерттеу жұмысы ішінде 800 Еуро көлемінде грант, оның 1 айы «LATTANZIO group» (әуе ұшу, қонақ үйде тұру, тәуліктік шығындар) толық қаржыландыруымен Италияның ең үздік сараптамалық-талдау орталығында өткізіледі, сондай-ақ компьютер «MacBookAir».
2-ші және 3-ші орындар «MacBookAir» компьютерлермен марапатталады.
Ұсынылған жұмыстардың арасынан 3 үздік жұмыс таңдалады, олардың авторлары 2017 жылғы 17 наурызда өтетін салтанатты рәсімде мемлекеттік органдар, банктер, «Big 4» ортасынан жұмыс берушілердің қатысуымен таныстырылады.
Беру мерзімі: Зерттеу жұмыстары 2017 жылғы 28 ақпанға дейін www.buongovernoawd.it жіберілуі тиіс.
Қарау мерзімі: 2017 жылғы 1–10 наурыз аралығы.
Іріктелген кандидаттармен сұхбаттасу: 2017 жылғы 13–14 наурыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, үйлестірушіге хабарласуға болады: Секенова Динара, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Халықаралық әріптестік орталығының жетекші сарапшысы, телефон: 8 (7172) 32 00 00, 75 33 59, E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша: www.buongovernoawd.it біле аласыз.