ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияның Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті

IMG 3693

2017 жылғы 31 қаңтарда  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын және  Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында  өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша үндеуін талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Ғылыми кеңесте мемлекеттік биліктің тармақтары арасында  өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Жұмыс тобының мүшесі, Академия профессоры  Федотова Зинаида Леонтьевна сөз сөйледі. Ол ұсынылатын конституциялық реформаның мәні, оны іске асыру тәсілдері және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.     
Бұдан өзге,  елдің конституциялық заңнамасын дамытудың ұсынылатын тәсілдері туралы  сараптамалық пікірімен саясат ғылымдарының  докторы, Академия профессоры Сүлейменов Төлеутай Сқақұлы; Қолданбалы зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы; Басқару институты профессорының міндетін атқарушы  Есенгельдина Анар Сатыбалдиновна; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының басшысы  Давлетбаева Жұлдыз Жетпісбайқызы, сондай-ақ Дипломатия институтының магистранты Ахмед Кудайбергенов пен Басқару институтының  магистранты  Қадырбек Намазбаев бөлісті.
Талқылауға қатысушылар  ұсынылатын жаңа өзгерістерге сараптамалық баға берді, кәсіби мемлекеттік аппараттың және тиімді Үкіметтің конституциялық реформаларды іске асырудағы рөлінің ықпалын қарастырды.   

 

 

 

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz