Халықаралық серіктестік орталығы

Халықаралық серіктестік орталығы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында қазақстандық ғылым мен білімді халықаралық білім жүйесіне одан әрі кіріктіру және мемлекеттік қызметшілер – Академия тыңдаушылары, магистранттары мен докторанттарын оқыту, даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда әлемдік стандарттарға қол жеткізу мақсатында шетелдік ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, академиялар және мектептермен халықаралық байланыстарды және іскерлік әріптестікті дамытуды жүзеге асырады.


Халықаралық серіктестік орталығы жұмысының негізгі бағыттары:

  • Академияның шетелдік ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен, шетелдік елшіліктер және өкілдіктермен, сондай-ақ шетелдердің университеттері және білім орталықтарымен ұзақ мерзімді шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдер туралы меморандумдар негізіндегі ынтымақтастығын орнату мен дамыту;
  • Таяу және алыс шет елдерімен екі жақты және көп жақты оқу және ғылыми-зерттеу бағдарламалары және жобаларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар, институттар, мектептер мен академиялардың инвестициялық және зияткерлік көмегін іздестіру мен тарту; 
  • Академия магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы үшін келіссөздер жүргізу мен өзара ынтымақтастық туралы шарттар жасасу арқылы шетелдік тағылымдамалар мен алмасу, оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • Ғылыми ұйымдармен және Академияның әріптес жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми және халықаралық қызметті дамыту үшін ынтымақтастық негіздері мен келешегін жетілдіру; 
  • Жұртшылықпен бұқаралық ақпарат құралдарында байланысты жүзеге асыру және Академия қызметін көрсету бойынша өзге де коммуникацияларды орнату

 

Байланыс деректері: Астана қ., Абай көшесі, 33а
Телефон: +7 (7172) 32-00-00