Қолданбалы зерттеулер институты

«Қазақстанға ғалымдармен қатар келешегі зор инновациялық салаларда жаңа технологияларды әзірлейтін ғылыми орталық қажет»


Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев


Миссия:
Қазақстанның зияткерлік игілігін сақтау, жаңа кәсіби және зерттеушілік элитасын қалыптастыру.
 
Болашақтағы көрінісі:
Институт елдің жетекші зерттеу орталығы ретінде,  оның нәтижелері мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында табысты қолданылады.  
 
Мақсаты  – қолданбалы зерттеулер нәтижелерін  қолжетімді  және қазақстандық қоғам үшін  пайдалы ету.
 
Міндеттері:
тақырыптық кластерлер шеңберінде  қолданбалы зерттеулерді іске асыруға қатысу;
кейстерді дайындау бойынша үлгілік қағидаларды  әзірлеу;
қазақстандық кейстерді әзірлеуге қатысу  және ОЖЖ-ның тізбесіне сәйкес  оқу бағдарламаларына оларды енгізу;
мемлекеттік басқару  және мемлекеттік қызмет саласында өзекті тақырыптарды талдау ;
халықаралық өткізу форматына сәйкес конференциялар, форумдар ұйымдастыру (ПМЭФ, Давос ВЭФ, Валдай халықаралық  пікірталас клубы және Блаватник атындағы  Басқару мектебі және басқалар.
 
Қолданбалы зерттеулер институты құрылымы:


Мақсаты – өзекті мәселелер бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру.
 
Міндеттері:
- тақырыптық кластерлер шеңберінде зерттеу қызметін жүргізу, оның жай-күйін талдау және бағалау, оның жоспарлары мен мазмұнына түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
- мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
- зерттеу нәтижелерін жинақтар, тақырыптық баяндамалар, сондай-ақ дайджест және өзге материалдар түрінде жариялануын қамтамасыз ету.

 

 Мақсаты – мемлекеттік басқаруды жетілдіру құралы ретінде жобалық менеджментті пайдалану бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу.
 
Міндеттері:
- мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
- Академияның қазіргі тақырыптық кластерлер бойынша зерттеу саясатын және рәсімдерін әзірлеу мен іске асыруға қатысу (басымдықтарды айқындау, гранттық өтінімдерді дайындау);
- мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды жүргізу;
- кейстерді құру бойынша  Үлгілік қағидаларды  әзірлеу;
- қазақстандық кейстерді әзірлеуге қатысу  және ОЖЖ-ның тізбесіне сәйкес  оқу бағдарламаларына оларды енгізу;
- ғылыми конференциялар, кеңестер, форумдарды ұйымдастыру;
- мемлекеттік басқаруға жобалық менеджмент стандарттарын табысты енгізетін шетелдік институтттар мен  орталықтардың тәжірибесін  зерделеу (Ұлыбритания, Швейцария, Голландия, Австрия және басқалар).
 


Байланыс деректері:
010000, Астана қ., Абай даңғ., 33 а
Тел.: +7 (7172) 75 34 42
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бауыржан БАГЛАЙ

«Еліміздің ғылыми-зерттеу базасын және инновацияларды басқару жүйесін жаңашаландыру қажет. Мемлекеттік ғылыми институттар жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру керек».
Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Миссия – Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту. Сапалы оқыту, зерттеу, білім алмасу және талант-менеджментті енгізу арқылы мемлекеттік басқару кадрларын даярлау саласында жоғары сапаға қол жеткізу.
Ғылыми-зерттеу институтының құрылымына мыналар кіреді:
• Ғылыми-талдау секторы
• Білім трансферті секторы 
• Құзыреттікті зерттеу секторы
ҒЗИ өз қызметін мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) ғылыми-зерттеу қызметі;
2) конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастық; 
3) ҚР МҚІАСК жоспар-кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерді психометриялық тестілеу өткізуге қатысу; Академия магистранттары, докторанттары мен қызметкерлерінің құзыреті бейінін зерделеу бойынша психометриялық тестілеу өткізу.
ҒЗИ мынадай халықаралық университеттер және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады:
• Орталық Азия, Кавказ және Ресей елдерінің мемлекеттік басқару академиялары
• Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
• БҰҰ Даму бағдарламасы
• Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб 
• Азия мемлекеттік басқару саласындағы мамандар қауымдастығы (AAPA, Оңтүстік Корея)
• Азия бойынша ғылыми-зерттеу институты, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, Ұлыбритания
• Сингапур ұлттық университеті 
• Еуразия бойынша Ғылыми-зерттеу орталығы, Рединг университеті, Ұлыбритания
• Нидерланды Корольдігі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты HECROI International. 
• АҚШ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру федералдық институты (FEI);
• Канаданың мемлекеттік қызметті жетілдіру институты.
ҒЗИ даму стратегиясы:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ҒЗИ алдында басты даму бағыттары тұр:
1-мақсат. Мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық ғылыми мектебін дамыту.
Міндеттері:
– мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, сот жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этносаясат, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіру; 
– мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, сот жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қосымша қаржыландыру көздерін тарту;
– ОПҚ, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың импакт-факторы бар журналдардағы жарияланымы сапасын арттыру;
– негізгі инфрақұрылымды және ресурстық базаны қолдау мен нығайту.
2-мақсат. Академияның мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, сот жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен практиктер үшін өңірлік ғылыми орталығы мен пікірталас алаңы ретіндегі орнын нығайту. 
Міндеттері:
– Академияның мемлекеттік басқару, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдар және ғылыми орталықтармен өзара іс-қимылын жандандыру;
– халықаралық деңгейде ғылыми іс-шараларды өткізу және Академияда халықаралық, өңірлік конференциялар мен өзге іс-шараларды өткізудің жоғары стандарттарын белгілеу.
Зерттеудің басым бағыттары: 
• мемлекеттік органдардың қызметін функционалдық талдау;
• мемлекеттік қызмет жүйесінің кадрлық әлеуеті;
• адам ресурстарын басқару;
• мемлекеттік органның қызметін жоспарлау;
• мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру.
Өткізілетін зерттеулердің тізбесі:
«Мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми-қолданбалы әдістемелерді әзірлеу» ҚР МҚІА бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша ҒЗИ үйлестіру және өткізу» (2012–2014 жж.):
o мемлекеттік қызметтің кадрлық резервін қалыптастыру еттіктері мен олармен жұмыс әдістерін жетілдіру;
o мемлекеттік қызметке іріктеу әдістерін жетілдіру және конкурстық тестілерді одан әрі жақсарту;
o мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістерін жетілдіру;
o мемлекеттік органдарда еңбек пен менеджментті ұйымдастыру сапасын арттыруға бағытталған тиімді нормативтік құқықтық, әдістемелік және ұйымдастыру шараларын айқындау.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары (2012–2014 жж.):
o Қазақстанда аударматану (қазақ және шет тілдері): әдіснамалық негіздер мен қағидаттар;
o Қазақстан өңірлерінде этноәлеуметтік жағдай: қазіргі ахуалы мен даму үрдістері.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары (2014–2017 жж.):
o «15-18 ғасырлардағы қазақ мемлекеттілігі: тарихы, саяси және әкімшілік құрылымы, басқару институттары мен заңнамалық база – «Қазақстан –2050» Стратегиясын іске асыру үшін практикалық маңыздылығы (2014-2016 жж.)
o Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру (2015-2017 жж.)
o Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау жүйесін институционалдау: қазіргі ахуалы мен даму келешегі (2015-2017 жж.)
o Сыбайлас жемқорлықты социологиялық өлшеу: зерттеу әдіснамасы мен қоғамның зерттеу нәтижелеріне қатынасы (2015-2017 жж.)
o Көлеңкелі экономика және оның қазіргі кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы (2015-2017 жж.)
o Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін дамыту тетіктері ретінде жоғары мектеп менеджерлерін жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүйесін құру (2015-2017 жж.)
Мемлекеттік тапсырма:
o Мемлекеттік басқару және Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы жария саясат: басқару және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтық қатысу технологияларын әзірлеу (2014-2016 жж.)
Тұрақты негізде бірқатар халықаралық конференциялар өткізіледі, оның ішінде:
- 11 сәуір 2014 жыл, жас ғалымдар үшін «Зияткерлік көшбасшылық: жаңа даму бағдары» І-ші ғылыми-практикалық конференциясы;
- 22 мамыр 2014 жыл, VII Астана экономикалық форумы аясында «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару: жағдайы мен келешегі» Ғаламдық конференциясы;
- 8–9 желтоқсан 2014 жыл, «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудағы инновациялық тәсілдер» Өңірлік хабтың хатшылығымен бірлескен халықаралық конференция;
- 9 желтоқсан 2014 жыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні шеңберінде жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы;
- 18 наурыз 2015 жыл, «Қазақстанның зияткерлік көшбасшылығы: болашаққа көзқарас» жас ғалымдардың жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы;
- 20 мамыр 2015 жыл, «Этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқытудың қазіргі трендтері» халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар;
- 21 мамыр 2015 жыл, VIIІ Астана экономикалық форумы аясында «Меритократия және қызметтік этика мемлекеттік қызмет тиімділігінің факторы ретінде» ғаламдық конференциясы.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz