ЖАҢАЛЫҚТАР

Академия делегациясы Гайдар форумы – 2017 жұмысына қатысты

IMG-20170116-WA00012017 жылдың 11–14 қаңтары аралығында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) дәстүрлі Гайдар форумы болып өтті. Аталған форумға теоретиктер мен практиктер, әлемдік жетекші ғалымдар мен саясаткерлер, жоғары қаржы саласының және жаһандық бизнес-элитаның өкілдері шақырылды.


Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы, атап айтқанда ректор Ф.Н. Жақыпова мен оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор А.А. Ахметов қатысты.

 

 


Аталған іс-шараға Академия ректоры Ресей Федерациясының басқарушылық кадрларын кәсіби дамытуды және кадр қызметін басқару процестерін жетілдіруді талқылауға арналған пленарлық пікірталастың шақырылған сарапшысы ретінде, сондай-ақ «ШЫҰ және ТМД елдеріндегі мемлекеттік басқару үшін кадрлар даярлаудың үздік тәжірибелері» атты сараптамалық пікірталастың модераторы әрі баяндамашысы ретінде қатысты.


Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру жөніндегі Бірінші институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін оқыту жүйесін жаңғырту туралы Академия ректорының баяндамасы ТМД және ШЫҰ елдерінен келген әріптестердің назарын аударып, қазақстандық тәжірибеге қызығушылықтарын танытты.


Сонымен қатар Академияның делегация құрамы мемлекеттік басқару саласындағы кадрларды даярлау бойынша ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.


Пікірталас барысында мемлекеттік басқару үшін кадрлар даярлау саласында бірыңғай білім беру кеңістігін құру мүмкіндігі, ШЫҰ және ТМД білім беру орталықтарының табысты ынтымақтастығы үшін Желілік мемлекеттік басқару академияларының маңыздылығы талқыланды.

Толығырақ Гайдар форумының веб-сайтында оқу

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz