ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің тыңдаушылары "Мемлекеттік басқару және саясат" пәні шеңберінде жобаларымен таныстыру рәсімін өткізді
- Толығырақ
- Жарияланды 27.12.2016
- Қаралды: 707
2016 жылғы 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қабырғасында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі тыңдаушылары «Мемлекеттік басқару және саясат» пәні шеңберінде өз жобаларының таныстыру рәсімін өткізді.
Жобада келесідей өзекті мәселелер қозғалды: «Қазақстанда сатылатын шетелдік өнімдердің қауіпсіздігі», «Терроризм - Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің нақты қатері», «Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы жұмыссыздық», «Астана қаласындағы көлік кептелісі», «Астана қаласында автотұрақтардың жетіспеушілігі», «Жаяу жүргіншілердің реттелмейтін өткелдері: тәуекелдер мен шешу жолдары».
Аталған мәселелерді дұрыс шешу мақсатында тыңдаушылар өз саясатын әзірледі. Әзірленген саясат балама шешімдерді таңдау үшін CBA (cost and benefit analysis), MCDA (multi-criteria decision analysis) талдауларын жасады. Сондай-ақ, саясатты әзірлеуші магистранттар осы мәселелерді дұрыс әрі тиімді шешу мақсатында өз ұсыныстарын енгізді. Жобаларды таныстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және Мемлекеттік басқару академиясының басшылары мен оқытушылар құрамы қатысты.