Тіл орталығының жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілінің жаңа форматы бойынша оқытуды жүзеге асыруда.

 

Академия базасында 2016 жылғы маусым-қазан айларында мемлекеттік тілді кәсіби қызмет, күнделікті қарым-қатынас барысында жеткілікті деңгейде қолдана алмайтын 300 мемлекеттік қызметші, 4 лекпен (1-лекте - 65 адам, 2-лекте – 60 адам, 3-лекте – 75 адам, 4- лекте – 100 адам) 3 интенсивті-тренингтік және 2 қашықтықтан оқыту семинарларында біліктіліктерін арттырады.


2016 жылғы 13 маусым – 29 шілде аралығында «Ресми-іскерлік қазақ тілі», «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және іскерлік риторика» тақырыптарында интенсивті-тренингтік және «Мемлекеттік қызметшінің А1-А2 деңгейлерінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары», «Мемлекеттік қызметшінің В1 деңгейінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары» атты қашықтықтан оқыту семинарларын нәтижелі аяқтаған 1- лектің 65 мемлекеттік қызметшісіне салтанатты түрде сертификат табыстау рәсімі өтті.

 

Пилоттық жобаның 1-легіне барлығы – 65, атап айтқанда, ҚР Конституциялық Кеңесінен – 3, ҚР Қаржы министрлігінен – 12, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен – 9, ҚР Жоғарғы сотынан - 9, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен – 8, ҚР Қорғаныс министрлігінен – 6, ҚР Энергетика министрлігінен – 5, ҚР Ұлттық экономика министрлігінен – 3, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен – 3, ҚР Әділет министрлігінен – 3, ҚР Сыртқы істер министрлігінен – 3, ҚР Білім және ғылым министрлігінен – 1 мемлекеттік қызметші қатысты.

 

Жоғарыда аталған біліктілікті арттырудың интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқыту семинарлары халықаралық стандартқа негізделген, 65 мемлекеттік қызметшінің 98%-ы семинарларға қанағаттанғандығын, ресми стильде құжат құрастырудың, сараптамалық жазбалардың, көпшілік алдында сөйлеудің әдіс-тәсілдерін игеріп, жазу, сөйлеу дағдыларын меңгергенін көрсетті.

 

Презентация