Орталық Азия оңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы

«Этносаралық қатынастар – бұл ғылым, және өте күрделі. Әрқайсысы ұлтаралық қатынастардың маманы болуыға тырысады, әрқайсысы осы мәселе бойынша сөйлегісі келеді. Қолы таза еместерге кірісуге болмайды. Бұл нәзік материя – адамдар арасындағы қатынастар, әсіресе этносаралық, дінаралық қатынастар туралы сөз болғанда. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды ғылыми зерттеу саласы ерекше назарды талап етеді».

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы,

Қазақстан халық Ассамблеясының Төрағасы

 

Орталық Азия оңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі, ол этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу және этносаясат, этностар проблемасы мен конфессия мәселелері бойынша оқытумен айналысады


Орталық 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқы Ассамблеясының XVII сессиясында айтылған тапсырмасы бойынша ашылды. Орталық миссиясы этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделін дамытудың іргелі ғылыми-зерттеу базасын құру болып табылады.
Қызметінің мақсаты – этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу және мемлекеттік этносаясат мәселелері, этносаралық және конфессияаралық қатынастар проблемалары бойынша оқыту, елдегі этносаралық және конфессияаралық жағдайға мониторинг жүргізу, экспресс-талдау және ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік этносаясат, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша бағдарламалық-мақсатты және гранттық зерттеулерді жүзеге асыру.
Орталықта ғылыми-қолданбалы зерттеулер өткізіледі, мемлекеттік этносаясат саласындағы бағдарламалар мен жобалар іске асырылады, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар мен білім беру семинар-тренингтері ұйымдастырылады
Білім алушылар контингентін этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалар, аудандар ішкі саясат басқармасының бастықтары, этномәдени, жастар және өзге қоғамдық ұйымдарының жетекшілері, конфессия өкілдері, ҚХА, Қазақстанның жоғары оқу орындары, БАҚ ғылыми-сараптама топтарының өкілдері құрайды.

 

Орталықтың міндетіне кіреді:
• Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша стратегиялық тұжырымдамалары мен ұсынымдарын әзірлеу, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
• Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық қатынастары бойынша ғылыми-зерттеу базасын құру;
• этносаралық және конфессияаралық дамудың әлемдік үрдістерін зерттеу;
• этностар мен конфессиялар мәселелер бойынша білім беру бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
• этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу саласында ғылыми зерттеулерді өткізу;
• этносаясаттағы мемлекеттік және бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми, әдістемелік және ұйымдық қамсыздандыруға, сүйемелдеу мен жүзеге асыруға қатысу;
• этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық әдебиетті талдау.


Даму тұжырымдамасы:
• этносаралық қатынастарды зерттеу саласындағы ғылыми қамтамасыз ету: мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара әрекет етуі, қоғамда этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту үшін жағымды жағдайлар жасау; қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық консенсусын дамыту; мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализмге, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығына қысым көрсетуге қарсы тұруға қолдау көрсету; демократиялық нормаларға иек артатын саяси-құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
• ұлттық бірлік мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшілердің, этномәдени және өзге қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін интеграциялау;
• қазақ және Қазақстанның өзге этностарының этникалық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерінің шығу, сақталу және даму проблемаларын зерттеу.

 

Басым бағыттары:
1) ғылыми-зерттеу – мемлекеттік этносаясаттың нақты практикасын ғылыми негіздеумен қамтамасыз ету және оқытуда оның практикалық нәтижелерін қолдану; ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде «Қазақстан өңірлеріндегі этноәлеуметтік жағдай: қазіргі жағдайы және 2012–2014 жылдарға даму үрдістері;
2) білім беру – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан халық Ассамблеясы мен Академия бекіткен жоспар-кестеге сәйкес білім беру және ғылыми-ұйымдастыру іс-шараларын өткізу (Астана қаласындағы орталық семинар-тренингтер, Қазақстанның өңірлеріндегі аумақтық семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жазғы мектептер).

 

Семинарлар мен тренингтер тақырыптары:
• «Этносаясаттың жаңа тегеурінді талаптары және міндеттері: реттеу, басқару және мониторингілеу технологиялары».
• «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этноконфессиялық қатынастарды реттеу».
• «Полиэтникалық және поликонфессиялық қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздік»
• «Әлеуметтік жанжалдарды басқарудың қазіргі тәсілдері және полиэтникалық қоғамдағы медиация».
• «Этноконфессионалды қатынастар: толерантты мәдениетті қалыптастыру практикасы».
• «Әлеуметтік жанжалдарды басқарудың қазіргі тәсілдері және полиэтникалық қоғамдағы медиация».
• «Діни терроризм және экстремизм: қарсы әрекет әдістері және басқару технологиялары».
• «Көші-қон процестерін тиімді басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде».


Орталықтың ғылыми бағыттары
• Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу және мемлекеттік этносаясат мәселелері, этносаралық және конфессияаралық қатынастар проблемалары бойынша оқыту әдістемесі.
• Этноәлеуметтік процестерді басқару бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру: елдегі тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, патриотизм сезімін және Қазақстан Республикасының жан жақты, әрі үйлесімді дамуыға жауапкершілігін тәрбиелеу.


Байланыс мәліметтері:
Анықтама мына телефондар бойынша: +7 (7172) 75 31 41, факс: +7 (7172) 75 35 79
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мекен-жайы: Астана қ., Абай даңғылы, 33 а

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz