Маңызды фактілер және статистика

Академияда оқу туралы АҚПАРАТ  

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН МАМАНДЫҚТАР

 

Магистратура бағдарламасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқыту 7 мамандық бойынша:

- «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару», оқу мерзімі – 1 және 2 жыл;
- «6М030100 – Юриспруденция», оқу мерзімі – 2 жыл;
- «6М020200 – Халықаралық қатынастар», оқу мерзімі – 2 жыл;
- «6М050100 – Саясаттану», оқу мерзімі – 1 жыл;
- «6М050700 – Менеджмент», оқу мерзімі – 2 жыл;
- «6М050600 – Экономика», оқу мерзімі – 2 жыл;
- «6М051200 – Статистика», оқу мерзімі – 1 жыл.

 

Докторантура бағдарламасы бойынша 3 жылдық оқу мерзімімен 4 мамандық бойынша:
- «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- «6D050600 – Экономика»;
- «6M020200 – Халықаралық қатынастар»;
- «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс».

 

АКАДЕМИЯНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІ

Академияның оқу бағдарламаларын ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі мақұлдады.

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ

2017-2018 оқу жылында, гранттық бағдарламалар аясында Академияға Ауғанстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен 9 шетелдік мемлекеттік қызметші оқуға түсті. Оның ішінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша -6, БҰҰДБ гранты - 2, Ханнс Зайдель Қорының гранты бойынша – 1. Сонымен қатар, 2 қазақстандық дипломат БҰҰДБ қоры және 9 ҚР мемлекеттік қызметшілері Ханнс Зайдель Қоры есебінен оқып келеді. 2013 жылдан бастап Академияда магистр дәрежесін алған шетелдік мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны - 63.

 

АКАДЕМИЯ ТҮЛЕКТЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК САТЫДА
 
Академияны 138 түлек бітіріп, мамандықтары бойынша «магистр» академиялық дәрежесін алды, атап айтқанда 63 – шетелдік мемлекеттік қызметші, 117 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі. Әрбір 10-шы түлек саяси лауазымға немесе оған теңестірілген лауазымға орналасты.   
Жыл сайын оқуды аяқтаған соң түлектердің шамамен 30%-ы  лауазымында жоғарылайды.   
2013 және 2014 жылдардың қорытындысы бойынша Академияның 89 түлегі  Қазақстан Республикасы судьяларының кадр резервіне тағайындалды.  
8 түлек қос диплом бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, ENA Ұлттық әкімшілік ету мектебі мен Академияның дипломын алды.
Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің 7 тыңдаушысы Дьюк Университетінің дипломын, 6 тыңдаушы Каунас технологиялық университетінің сертификатын алды.  

 

АКАДЕМИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ

Білім алушылардың Академиядағы сабақ беру сапасына қанағаттанушылығы  – 96,4 %-ды;  жұмыс берушілердің Академиядағы оқыту сапасына қанағаттанушылығы – 95,61 %-ды; сауалнама жүргізілген мемлекеттік органдар басшыларының бағалауы бойынша кадрлар даярлау деңгейінің қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігі –  91, 74 %-ды құрайды.
 
594 магистрант АҚШ, Австрия, Голландия, Франция және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өтті.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

Тел/факс: 75 32 68, 75-30-17

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz