Бәсекелес артықшылығы

Академия – Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру функцияларын жүзеге асыратын заң жүзінде бекітілген мәртебесі бар бірегей оқу орны.

 

Академияда білім алатын мемлекеттік қызметшілердің негізгі контингенті республикалық бюджет қаржысы есебінен соңғы жұмыс орнындағы жалақысының мөлшеріне сәйкес стипендия алады.

 

Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.  

 

Академияда оқитындар жыл сайын Оксфорд пен Кембриджде (Ұлыбритания), Калифорния Берклиде (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясында (Австрия), ENM Франция ұлттық магистратура мектебінде (Франция), ROI Корольдігі мемлекеттік басқару институтында (Нидерланды), Justice Academy және TODAIE (Түркия) және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында шетелдік тағылымдамадан өтеді. 

Әрбір оныншы түлек саяси немесе оған теңестірілген лауазымды атқарады.
Академияны бітіргеннен кейін бірінші жылы түлектердің шамамен 30%-ы қызметтік саты бойынша жоғарылайды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалары бойынша оқудан өткен немесе басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған азаматтар үшiн «Б» корпусының лауазымдары тиiстi санаттарының кадр резервiне алыну құқығы оқуды аяқтаған сәттен бастап туындайды.

 

Мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебіне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін оқуға жіберген мемлекеттік орган, мемлекеттік әкімшілік қызметші оқуды бітірген күнінен бастап оны үш ай ішінде мемлекеттік органдағы «Б» корпусының бос жоғары мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiні мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жiбергенде, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген iссапар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар қолданылады.

 

Сонымн қатар Академия Ханнс Зайдель Қорының (ГФР) гранты есебінен оқу мүмкіндігін ұсынады.

 

Магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызметшілерге арналған Академияның жатақханасынан 100 % орынмен қамтамасыз етіледі.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz