Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты

Миссиясы – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке құзыреттілігін арттыру.
Модульдік бағдарламалар
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасы блог-модульді қағидат бойынша құрылған, ол мемлекет пен қоғамда болып жатқан өзгерістерге икемденуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалар мазмұны мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалаудың өзекті мәселелерін ашуға, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы, Мемлекеттік бағдарламаларының іс-шаралар жоспарын іске асыруға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де бағдарламалық құжаттарын орындауға бағытталған.


Оқытудың бәсекелес артықшылығы

• Білім беру бағдарламалары практикалық сипатқа ие, сабақтың 60 %-дан астамы Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың практиктерімен жүргізіледі.
• Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында сабақ беруден тәжірибесі мол профессор-оқытушылар құрамы бар.
• Оқуды бітіргеннен кейін тыңдаушыларға Академияның сертификаттары мен куәлігі беріледі.


Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру секторы
Сектор мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды ұйымдастырады.
Институтта қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқыту мақсаты қазіргі мемлекеттік қызметшілерді тиімді оқыту және олардың кәсібилігін арттыруға жәрдем көрсету болып табылады.
• Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру –мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалаудың, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы, Мемлекеттік бағдарламаларының іс-шаралар жоспарын іске асыру мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де бағдарламалық құжаттарын орындаудың өзекті мәселелері бойынша ұзақтығы бес күндік қысқамерзімді білім беру семинарлары.
• Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, сонымен қатар басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындалған тұлғалар үшін, ұзақтығы алты аптаға дейінгі оқыту курстары.

 

Тыңдаушылар контингентін қалыптастыру рәсімі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларына тыңдаушылар контингентін қалыптастыру рәсімі
1. Бұл Рәсім Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Ережелеріне, және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, өзге де білім ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес (бұдан әрі – Ереже) жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) өткізілетін, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларына тыңдаушылар (бұдан әрі – Тыңдаушылар) контингентін қалыптастыру тәртібін қарастырады. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларына тыңдаушылар контингенті Ереженің 4, 5- тармақтарына әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің категорияларына сәйкес жасалады.
2. Мемлекеттік органның кадр қызметі кандидаттардың белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылған сауалнама-өтінімін растайды және оны қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларының басталуына дейін 30 күннен кешіктірмей Академияға жіберуді қамтамасыз етеді. Сауалнама-өтінім Академияға почта, факс немесе электрондық почта (көшірілген нұсқасы) арқылы жіберіледі.
Алдын-ала сауалнама-өтінім жібермеген, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларына қабылданбайды.
3. Академия толтырылған тиісті сауалнама-өтінімдерді қарайды және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларына тыңдаушылардың тізімін (Жоспар-кестеде анықталған, тыңдаушылар санына сәйкес) төмендегілерді ескере отырып жасайды:
1) қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін:
• тыңдаушы орындаған өзіндік жұмысқа қысқа аңдатпа (Сауалнама-өтінімнің 16- т.);
• алғаш рет қабылданғандар үшін мемлекеттік қызметке түскен күні және басшылық лауазымға алғаш рет тағайындалғандар үшін лауазымға тағайындаған күні.
2) біліктілікті арттыру семинарларының тыңдаушылары үшін:
• оқу тақырыбы бойынша қысқа эссенің болуы (Сауалнама-өтінімнің 16-т.);
• әкімшілік мемлекеттік қызметшінің біліктілікті арттырудан өткен соңғы күні;
• мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерінің семинар тақырыбына сәйкестігі.
4. Қарастыру нәтижелері бойынша Академия мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларына тыңдаушылар тізімін жасайды. Сауалнама-өтінімдерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты Академия оқудың басталуына дейін 5 күннен кешіктермей www.pa-academy.kz сайтына орналастырады.


Қашықтықтан оқыту және өңірлік оқыту орталықтарымен жұмыс жөніндегі сектор
Сектор Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қосымша білім беру институтының (бұдан әрі – ҚББИ) қашықтықтан оқыту бойынша өңірлер мен ұйымдарда білім беру технологиялары сапасын арттыруға бағытталған, консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін, Академия мен мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталығы (бұдан әрі – ӨОО) арасында үйлестіруші рөл атқаратын, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік орталығы болып табылатын, дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сектор миссиясы – «Академия – ӨОО» қосымша білім берудің бірыңғай жүйесін құру және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Мақсаты – қашықтықтан оқытудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру және ӨОО жүргізетін мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту.
Сектор Астана қаласының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын өткізеді.


Сектор қызметінің негізгі бағыттары:
• қашықтықтан оқыту және ӨОО білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
• ӨОО жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту;
• қашықтықтан оқыту және Академия – ӨОО білім беру жүйесінде ғылыми-әдістемелік жұмыстар тәжірибесімен алмасу;
• мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың бірыңғай жүйесін құру (Академия – ӨОО);
• оқытушылардың біліктілігін қашықтықтан оқыту бойынша арттыру;
• ӨОО оқытушыларының біліктілігін Академия базасында арттыру;
• қашықтықтан оқыту мен ӨОО-нің нормативтік және оқу-әдістемелік базасын жетілдіру.


Пайдалы сілтемелер (электрондық кітапхананың және т.б.)
http://www.ict.edu.ru/lib/ – Оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. АКТ порталы: Электрондық кітапхана.
http://www.aup.ru – Әкімшілік-басқарушылық порталы: іс жүргізу әдебиетінің электрондық кітапханасы.
http://eduros.ru/elibrary.php – Қашықтықтан білім берудің интернет-порталы
http://dtraining.web-3.ru – Қашықтықтан оқытудың интернет-порталы dtraining.web-3.ru.


Семинарлар мен курстар тыңдаушылары алдында лекторлар ретінде:

• ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ: А. Башмаков, О. Әбдікәрімов, А. Тасболатов, К. Бурханов, М. Әбенов, С. Алдан, О. Асанғазы, С. Бычкова.
• МИНИСТРІЛІКТЕР МЕН ВЕДОМСТВОЛАР БАСШЫЛАРЫ: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, А. Байменов; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі,
М. А. Әбілқасымова; Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, Ж. Құрманғалиева; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Б. Нұрымбетов дәріс оқиды.


Байланыс мәліметтері:
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 46
Директор орынбасары – Ыдрысов Алмас Абылайұлы
Тел.: 75-10-28
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру секторының меңгерушісі
Мусенова Светлана Николаевна
Тел.: 75-32-90
Қашықытықтан оқыту және ӨОО-мен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі
Құдайқұлова Хатира Шүлембайқызы
Тел.: 75-32-13

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz