Дипломатия институты

Дипломатия институты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, онда халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды даярлау және Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің қазіргі дипломатиялық персоналының біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

 

Білім беру бағдарламалары:

Магистратура – «6М020200 Халықаралық қатынастар» (Master of International Relations).
Докторантура – «6D020200 Халықаралық қатынастар» (Doctor in International Relations).
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігі құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары.

 

Дипломатия Институтында дәрiсті ҚР СІМ вице-министрлері, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшілері, СІМ және басқа министрліктер мен ведомстволардың департамент жетекшілері, шетелдік Елшілер, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, танымал саяси қайраткерлер оқиды.
Дүниежүзілік бiлiм беру бiрлестiгіне кiру жолында Академия халықаралық қатынастар мамандығы бойынша мамандарды дайындау спектрін кеңейту мақсатымен алдыңғы қатарлы шетел университеттерiмен әрiптестiк қатынастарды дамытуға үлкен көңiл бөледi.

 

Халықаралы деңгейде төмендегі жоғарғы оқу орындарымен әріптестік орнатылған:
1.Вена дипломатиялық академиясы (Австрия);
2.«Клингендал» Корольдік халықаралаық қатынастар институты (Нидерланды);
3.Еуропалық халықаралық қатынастар институты (Бельгия);
4.Испан дипломатиялық академиясы;
5.Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясы;
6.Амстердам университеті;
7.Лондон дипломатиялық академиясы (Ұлыбритания);
8.Ресей Халықтар Достастығы университеті (Ресей Федерациясы);
9.Ольденбург университеті (Германия);
10.Каир университеті (Египет);
11.Украина СІМ жанындағы дипломатиялық академиясы;
12.Франция ұлттық әкімшілік ету мектебі (Франция);
13. Корея Республикасының СІМ Корея Ұлттық дипломатиялық академиясы;
14. Марокко Корольдігі СІМ Марокко дипломатиялық академиясы.

 

Шақырылған эксперттер және лекторлар:
Ласло Марац – Амстердам Университетінің профессоры;
Дронзина Т.А. - Климентий Охридский атындағы университетінің (София қ., Болгария), саяси ғылым департаментінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы;
Шмелев Б.А. – РФ СІМ, Дипломатия академиясының халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Апцаури Д. - Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі, профессор;
Әшімбаев М.С. - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының кандидаты;
Бурханов К.Н. – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор;
Сарыбай К. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;
Батырша-ұлы С. – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Оразаев Т. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар бойынша Елшісі;
Дәуренбек Р. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры;
Атамқұлов М. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы.

 

Мүмкіндіктері:
• Дипломатия институты магистранттар мен докторанттарға екі шет тілін оқу мүмкіндігін ұсынады.
• Дипломатия институтының магистранттары мен докторанттарына Вена дипломатиялық академиясында, Франция Әкiмшiлiгiнiң Ұлттық мектебiнде, сонымен бiрге Қазақстанда аккредитацияланған елшiлiктер және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер бар.
• Оқуды аяқтау бойынша магистранттарға Академияның халықаралық қатынастары магистрі дипломы беріледі.
• Оқудың ұзақтығы – 2 жыл.
• Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Дипломатия институтының түлектері:
1.Арифханов Айдар Абдразахұлы – «Казатомпром»ҰАК» АҚ экономика және қаражат бойынша Төраға орынбасары.
2.Атамкулов Мади Бакирұлы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік Протокол Шефі.
3.Бегежанов Эрлан Бакытұлы – ҚР СІМ Жалпыазиаттық әріптестік бойынша Департамент директорының орынбасары.
4.Бультриков Руслан Искандерұлы – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің вице-министрі (2011 ж. сәуірінен 2012 ж. ақпаны аралығында).
5.Ембердиев Даулет Тазабекұлы – Қазақстан Республикасының Ливандағы Уақытша сенімді Өкілі.
6. Егемберді Ергали – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
7. Жанәбілов Нұрлан Еркінұлы – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахауалдық орталығының бөлім меңгерушісі.
8. Исабаев Бейбіт Өксібайұлы – ҚР-ның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
9. Калижанов Марат Уалиханұлы – ҚР СІМ Жалпыазиаттық әріптестік бойынша Департамент директорының орынбасары.
10.Конурбаева Алия Валиханқызы – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төраға орынбасары.
11.Кырыкбаев Арман Оразбайұля – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
12.Мустафин Омар Артурулы – Қазақстан Республикасының Джиддедегі Бас Консулы.
13.Сайлауқызы Саулекуль – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры.
14.Таналинов Ануар Ескендірұлы – Көпжақты әріптестік департаментінің директор орынбасары.
15.Тұрсынов Әділ Капанұлы – ҚР Грузиядағы Уақытша сенімді Өкілі.
16.Уалиев Қуатжан Серікқазыұлы – «Ғылым қоры» АҚ Төрағасы.
17.Ускенбаев Қайырбек Айтбайұлы – ҚР Туризм және спорт вице-министрі (2007- 2011 жж.).
18.Шаекин Рауан Михайлович – ҚР Парламентінің депутаты.

 

Байланыс мәліметтері
010000, г. Астана, пр. Абая, 33 а
Тел./факс: +7 (7172) 75 33 23

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz