Басқару институты

 

Институт миссиясы - Мемлекеттік және жергілікті басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтің тиімді құзыреттілігіне қабілетті жоғары кәсіби және білікті басқарушыларды даярлау.

Институттың көрінісі - алға қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде институт жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді даярлау жүйесін дамытудың көшбасшысы және ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын, оқытудың ең озық әдістері мен технологияларын қолданатын, құзыреттілігі жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында нәтижелерін тиімді жүзеге асыратын ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді жоғары деңгейде дамытатын мемлекеттік басқарудың қазіргі мектебі болып табылады.

Құндылықтар

  • үздіксіз даму
  • өзгертуге бейімделу
  • нәтижеге назар аудару

 

Басқару институтының білім беру бағдарламаларын іске асырудың негізгі қағидалары:

• оқыту бағдарламаларының білім беру курстарының құру барысындағы тәртіпаралық тәсіл (экономика, менеджмент, психология, социология);
• ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінде мол тәжірибесі бар жоғары кәсіби оқытушыларды, сондай-ақ білім алушыларға өзінің тәжірибесін беруге қабілетті практик-мамандар мен сарапшыларды тарту;
• жаңа мемлекеттік менеджмент саласында үздік тәжірибені талдау және қолдану;
• мемлекеттік және жергілікті басқару процесіндегі шешімдерді қабылдауға қажетті нақты басқарушылық проблемаларды шешуге бағдарланған білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттылығы;
• оқытудың активті әдістерін (семинарлар, дөңгелек үстелдер, нақты жағдайларды талдау, кейстер, іскерлік ойындар және т.б.) қосатын құзыреттілік қағидасы бойынша құрылған оқу жоспарының модульдік сипаты.

 

 2017-2018 оқу жылына арналған оқу бағдарламалары

 

Магистратура

Докторантура

 

Ғылыми-зерттеу қызметі :

• мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және орындау;
• мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы жобалардың әрекеттегі ішкі жүйесін құру, мемлекеттік және жеке әріптестерді оларды орындау үшін іздестіру;
• білім беру процесімен ғылым байланысын тереңдету;
• халықаралық деңгейдегі нәтижелерге шығу арқылы зерттеулер мен зерттемелердің сапасын түбегейлі арттыру;
• Институттың магистранттары, докторанттары, ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарына конкурс өткізу бойынша қызметті белсендіру;
• мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы басым бағыттар бойынша бірлескен (институт пен мемлекеттік органдар) зерттеулерді өткізу;
• PhD магистранттары мен докторанттарын мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға қатысуға белсенді тарту;
• жоғары дәрежедегі ғылыми нәтижелерді алуды, олардың институттың ғылыми зерттеулерінің беделін арттыру үшін және мемлекеттік басқарудың ұлттық мектептерінің әлемдік рейтінгілеріне сәйкес рейтінгті халықаралық басылымдарда цитата жасалуын ынталандыру.

 

Халықаралық ынтымақтастық:

• Институтты әлемдік білім беру кеңістігіндегі ұстаныммен Орталық-Азия өңірінде мемлекеттік және жергілікті басқару мен мемлекеттік қызмет облысында біліктілігін арттырудың халықаралық орталығы ретінде дамыту;
• мемлекеттік басқарудың жетекші шетелдік мектептері мен ғылыми орталықтарымен, халықаралық ұйымдармен ғылыми және білім беру ынтымақтастығын белсендендіру;
• «екі диплом» бағдарламасы бойынша, оның ішінде даярлаудың жаңа бағыттары бойынша мемлекеттік басқарудың халықаралық мойындалған мектептерімен ынтымақтастықты кеңейту.

Тәрбие жұмысы:

• Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында магистранттармен тәрбие жұмысының басты мақсаты Қазақстан Республикасының азаматы-патриоты қасиеттерін, әлеуметтік белсенділікті, зияткерлігін, жоғары мәдениетті меңгерген жоғары кәсіби білім берумен келешек бәсекеге қабілетті басқарушылардың тұлғасын жан жақты дамыту болып табылады.
• Рухани-адамгершілік білім мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту. Оқу, кәсіби және қоғамдық қызметте адамгершілік пен кәсіби этиканың нормаларымен байланысты білімді жүзеге асыру.
• Магистранттарды патриоттық тәрбиелеу бойынша ғылыми-негізделген ұйымдастыру саясатын жүргізу.
• Дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салтын кең насихаттауды ұйымдастыру, әртүрлі спорттық жарыстарды өткізу.

 

Түлектермен жұмыс:

• Түлектердің мансаптық өсуін тұрақты мониторингілеу және кері байланыс орнату.
• Мемлекеттік қызметшілерді даярлау сапасын анықтау мақсатында жұмыс берушілерге үнемі сауалнама жүргізу.
• Академияның түлектерін мемлекеттік басқару органдарына жіберу бойынша үйлестірілген ақпараттық-аналитикалық жұмысын дамыту.

 

 

 

Байланыс мәліметтері:
+7 (7172) 75 32 92

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75-33-95,

75-34-86. Тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz