Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (бұдан әрі – МСҰМ) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі ретінде мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға қабілетті таңдаулы буынның мемлекеттік қызметшілерін даярлау мақсатында құрылды.

 

Қазіргі уақытта МСҰМ-да даярлау «Мемлекеттік менеджмент магистрі» (МРМ) және «Мемлекеттік саясат магистрі» (МРР) эксперименттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

 

МРМ оқу бағдарламасы басшы деңгейіндегі әкімшілік лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер үшін әзірленген.

 

Бағдарлама мемлекеттік және ұйымдастырушылық менеджмент, корпоративтік басқару, мемлекеттік сектордағы тиімділікті бағалау және өзгерістер жағдайында дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын әзірлеу мәселелері бойынша курстарды зерделеу негізінде аналитикалық қабілеттерді, көшбасшылық қасиеттерді, жүйелі және стратегиялық ойлай білу дағдыларын дамытуға бағдарланған.

 

Бағдарлама мақсаты басқарушылық, аналитикалық және көшбасшылық қасиеттерді тиімді қолдануға қабілетті магистрлерді даярлау болып табылады.

 

Оқу аяқталғаннан кейін, Магистрлік бағдарлама – МРМ (1 жылдық оқу) түлегі мемлекеттік менеджменттің қазіргі заманғы қағидаттары мен үздік тәжірибелеріне сүйене отырып, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет міндеттерін шешу үшін білім алады. Аталған бағдарлама мына құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған: көшбасшылық, шешімдерді қабылдау, жаһандық және стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, нәтижеге бағдарлану, мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері жөнінде болжамды-аналитикалық ұсынымдар әзірлеу бойынша дағдылар.

 

Екі жылдық Магистрлік бағдарлама – МРP мемлекеттік қызметте бір жылдық еңбек өтілі бар, Қазақстан Республикасының жас мемлекеттік қызметшілеріне арналған.

 

МРP бағдарламасы мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті жете зерттеу мәселелерін кешенді зерделеуді қамтитын, кәсіби білім берудің пәнаралық бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама саяси талдау, бағдарламаларды бағалау мәселелерін қамтиды және аналитикалық құзыреттіліктерді дағдыландыруға бағдарланған. Сонымен қатар бағдарлама саясатты, мемлекеттік басқару және мемлекет пен үкіметтік емес сектордың қоғамдық-саяси жүйесінің қазіргі ахуалының салыстырмалы талдау мәселелерін қамтиды.

 

Мақсаты – құзыреттіліктерге иеленген, нақты жағдайларда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқаруды әзірлеу саласында магистрлерді даярлау.

 

Нәтижесінде, Магистрлік бағдарлама түлегі талдау мен креативті ойлай білу, коммуникативтік дағдыларын, жоспарлау және болжау, өзгерістерді, күйзелу мен уақытты басқару қабілеттерін иеленеді.

 

2009 жылдан бері МСҰМ-да 134 магистрант, 7 докторант білім алды.

 

Байланыс мәліметтері

Өскенбаева Жадыра 

тел.: +7 (7172) 75-35-24

 

Нұралина Нұргүл  

тел.: +7 (7172) 75-31-66

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz