Басшылық және құрылым

Ректор

Жақыпова Фатима Надырқызы

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жакыпова

Профессор, экономика ғылымдарының докторы. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін («Саяси экономия»), 2009 жылы – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («Құқықтану») бітірген.

Еңбек өтілі:
1991–2001 жж. – ассистент, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да доцент.
1999–2000 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да «Қазақ университеті» баспасының директоры.
2000–2001 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің Экономика және құқық институты директорының орынбасары.
2001–2003 жж.– М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы мәселелер, экономикалық болжау және даму жөніндегі проректоры.
2003–2008 жж. – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
2008–2011 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
2011–2012 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
2012–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
2014–2016 жж. – Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебінің атқарушы директоры.

2016 жылдың 20 шілдесінде Мемлекет басшысының өкімімен Жақыпова Фатима Нәдірқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Фатима Жақыпова Дж. Уильям Фулбрайт халықаралық бағдарламасының стипендиаты (1994), қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2000) болып табылады.
2007–2008 жж. «Нұр Отан» ХДП атынан Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2011–2014 жж. Болон процесін (Bologna Follow-up Group) басқару жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ұлттық өкілі болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Модернизация жөніндегі ұлттық комиссиясының кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс тобының сараптық кіші тобының жұмысына белсенді қатысқан. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002) және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2010) төсбелгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Тұрмыста, бір қызы бар.

 

 

 

Стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор

(негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін)

Көшербаева Айгүл Беделбайқызы

e-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 1111

Экономика ғылымдарының докторы, доцент.


1990 жылы  С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономия» мамандығы бойынша бітірді.


Еңбек қызметін Қазақ химия-технологиялық институтының «Саяси экономия» кафедрасының ассистенті лауазымынан бастады.


1994–2001 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарды.  
Жобалық және талдау қызметі саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

2001 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» РМК Әлемдік нарық конъюктурасын зерделеу институтын басқарды.  

2003–2004 жылдары «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігі» ТАСИС жобасының аға экономисі болды.

2005–2009 жылдар аралығында  «Қазмұнайгазконсалтинг» ЖШС жобалық талдау тобының сарапшысы, аға сарапшысы, директоры болып қызмет істеді.

2009–2011 жылдары  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Біріккен химиялық компания» ЖШС Активті басқару департаментінің бас сарапшысы лауазымын атқарды.

2011–2012 жж. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту орталығын басқарды.

2012–2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік және социологиялық зерттеулер орталығының директоры болды.

Экономикалық зерттеулер институтында қызмет істеген уақыт аралығында Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру Тұжырымдамасы,  Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, т.б. секілді стратегиялық құжаттарды әзірлеу барысында ұсынымдар дайындады.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Басқару институтының доценті (қоса атқару бойынша) және штаттағы профессоры болып қызмет атқарды.


Тұрмыста, қызы мен ұлы бар.

 

 

 

Оқу жұмысы және  ақпараттық технологиялар  жөніндегі вице-ректор

Ахметов  Альтаир  Амангелдіұлы

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Akhmetov A A копия

 

Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014).

Заң ғылымдарының кандидаты.  2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң  академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы  Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде  бастаған.

2003–2011 жылдары Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде  референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі  лауазымдарында  істеді.   

2011 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті.    

2015 жылдан бері  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы  және ақпараттық технологиялар  жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды.     

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.                                   

 

 

Әкімшілік мәселелер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-ректор:

Еркін Шажаұлы Дүсіпов

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

dusipov.jpgЗаң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2014» стипендиясының  иегері. 

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультетін үздік бітіріп, жас маман ретінде С.М. Киров атындағы ҚазММ  Заң факультетінің «Азаматтық құқық» кафедрасына жұмысқа қалдырылды.  
1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сырттай-кешкі заң факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды.
1992–2002 жылдар аралығында «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісі болды.
2003–2008 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетіне басшылық етті.
2008–2016 жж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жалпы, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор лауазымын атқарды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әкімшілік мәселелер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды.

Жарияланымдары: 70-тен аса ғылыми еңбектері, оның ішінде оқу процесінде сынақтан өткен 3 оқу құралы, 1 монография, халықаралық ғылыми журналдарда импакт-факторы бар 2 ғылыми мақаласы бар.
Марапаттаулары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2011 ж.) төсбелгілері, оқулықтар жазудағы тыңғылықты еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медаль, «Нұр Отан» партиясының ең жоғары наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2015 ж.).

Үйленген, екі баласы бар. 

 

 

Құрылым

Структура ОКТЯБРЬ 2014 КАЗ 

 

 

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz