Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы

«Аударма және мемлекеттік тілді оқыту» орталығы (бұдан әрі - Орталық) 2013 жылғы 25 желтоқсанда құрылды.
Бүгінгі күні Орталық қызметін Қазақстан Республикасы (бұдан әрі-ҚР) Президенті Н.Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Мақсаты:
Академияда қалыптасқан тілді оқытудың авторлық технологияларын басшылыққа алып, «Ресми-іскерлік қазақ тілі және ресми тестке дайындық (тыңдалым, жазылым, оқылым, тілдесім)», «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Ресми жазылым және мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі», «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және риторика», «Ағылшын тілінде оқу мен жазу дағдылары», «Іскерлік ағылшын/Pre-Intermediate деңгейі», «Іскерлік ағылшын/ Intermediate деңгейі», сондай-ақ мемлекеттік тілді интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқытудың «А1-А2 деңгейлерінде оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау дағдылары», «В1-В2 деңгейлерінде оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау дағдылары» семинарлары арқылы мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері:
1) тыңдаушының кәсіби жазбаша және ауызша әрекеттерін орындауға қажетті біліктілік пен дағдыларын тренингтік сабақтарда дамыту;
2) мемлекеттік қызметшілердің ресми стильді жан-жақты қолдану қажеттіліктерін қанағаттандыру (қызметтің іс қағаздарын өз бетімен құрастыруды игерту, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәнерлерін шыңдау, шешендік өнерге икемдеу т.б.);
3) тілдерді оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін қолдану арқылы мемлекеттік қызметшілердің аналитикалық, сараптамалық құзыреттіліктерін дамыту.
4) мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде тыңдап түсіну, оқу, сөйлеу, жазу және жазбаша сөйлеу құзыреттіліктерін қарапайым (А1-А2) деңгейден ортадан жоғары (В1-В2) деңгейлеріне интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқыту арқылы жеткізу;
5) қазақ тілінде ресми сөйлеу негіздерімен таныстыра отырып, мемлекеттік қызметшілердің кез келген тақырып бойынша ресми стильде сөз сөйлеу мәнерін қалыптастыру;