ЖАҢАЛЫҚТАР

Ханнс Зайдель Қорының өкілдерімен кездесу

IMG 8237Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Астанаға Ханнс Зайдель Қорының делегациясы келді.   Диалогты Академия ректоры  Жақыпова Фатима Надырқызы құттықтау сөзбен бастап, қонақтарға Академияның атқарған жұмыстары туралы әңгімеледі және аталған қордың Орталық Азия елдерінде білім беруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сонымен бірге Германияның және басқа да еуропалық елдердің мемлекеттік басқаруды дамытудағы тәжірибесі Қазақстан үшін өте құнды болып табылатыны айтылды. Кездесу шеңберінде тараптар тығыз ынтымақтастықты жалғастырып қана қоймай, сондай-ақ оны ұлғайту мен әртараптандыру туралы келісімге келді.

Толығырақ: Ханнс Зайдель Қорының өкілдерімен кездесу

«Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбындағы семинар

FEDM683426 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың зерттеу қызметін әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру болып табылады. Ғылыми семинар жұмысының негізгі бағыттары: Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудағы этникалық және конфессионалдық негіздер, этникалық және конфессионалдық әралуандық қазіргі заманның тегеурінді талаптарына жауап ретінде: жаңа болмысы мен ғылыми ізденістер.

 

 

Толығырақ: «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері»...

РФ үздік практиктерінің Жалпыакадемиялық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу

IMG 8010Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ресей Федерациясы үздік практиктерінің Жалпыакадемиялық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу өтті.  Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ бірінші институционалдық реформа шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Толығырақ: РФ үздік практиктерінің Жалпыакадемиялық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу

Анонс-«Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» семинары

2016 жылдың 26 қазаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеу қызметін әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру. Ғылыми-практикалық семинар барысында Қазақстан халқының қоғамдық келісімді және бірлікті сақтауда этникалық және конфессиялық негіздері және Этностық және конфессиялық алуандық заманауи тегеурінді талаптарға жауап ретінде: жаңа болмысы және ғылыми ізденістер бағыттары бойынша екі панельдік дискуссия жүргізіледі.
Ғылыми-практикалық семинар жұмысына спикерлер ретінде Татарстан Республикасы Ш.Марджани атындағы тарих институтының аға ғылыми қызметкері Сагитова Лилия Варисовна, еліміздегі жетекші ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, сонымен қатар, онлайн режимінде спикерлер ретінде Конгук университеті (Сеул) Орталық Азия орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Герман Николаевич және Оңтүстік Кавказдың азшылық мәселелері бойынша Еуропалық орталықтың аймақтық директоры Ева Хилински қатысады.

Толығырақ: Анонс-«Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz