ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияның Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті

IMG 3693

2017 жылғы 31 қаңтарда  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын және  Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында  өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша үндеуін талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Толығырақ: Академияның Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті

Тіл саясаты жөіндегі комитеттің алғашқы отырысы

Академияда үштілділікті ілгерілету аясында құрылған Тіл саясаты жөніндегі комитет 2017 жылғы 24 қаңтарда 1-отырысын өткізді.

Мәжіліс барысында Академия магитранттары мен докторанттарын және қайта даярлау, біліктілікті арттыру семинарларының тыңдаушыларын үш тілде оқытуды жетілдіру, дәріс-тренингтердің нысаналы индикаторларын біріздендіру мақсатында,  дөңгелек үстел, ми шабуылы, пікірталастар мен презентациялар, мастер-кластар ұйымдастырып,  оқытушы-профессор құрамының лингвистикалық капиталын жетілдіруге қолайлы жағдайлар туғызу мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ  ағымдағы тілдік ахуалды зерделеу, мониторинг жүргізу, «күшті», «әлсіз» жақтарды айқындау, жылдық практикаға бағытталған әдістемелік жоспар құру, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізу сияқты мәселелер де талқыланды. 

Моңғолия Үкіметі жанындағы Ұлттық басқару академиясының ректоры Зүлфикар Сыркыттың Академияға сапары

IMG 3276Моңғолия Үкіметі жанындағы Ұлттық басқару академиясының ректоры Зүлфикар Сыркыт Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар кадрларды даярлау және зерттеу жұмысы мәселелері бойынша бірлесіп әрекет етуге келісті.
Сапар соңында, Зүлфикар Сыркыт Академиямен әріптестікті әрі қарай нығайтуға үлкен үміт білдірді.

Толығырақ: Моңғолия Үкіметі жанындағы Ұлттық басқару академиясының ректоры Зүлфикар Сыркыттың Академияға сапары

Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы делегациясының сапары

IMG 9438

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмаз Насыров бастаған делегация құрамы келді.
Қонақтармен кездесу барысында ректор Фатима Жақыпова Академияның қазіргі қызметі мен даму келешегі туралы баяндады.
Сонымен қатар, Алмаз Насыров мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен Ханнс Зайдел Қорының гранттары шеңберінде Академияда білім алып жатқан Қырғызстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. 

Толығырақ: Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы делегациясының сапары

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz