ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық бойынша семинар басталды

2016 жылдың 5–13 қазаны  аралығында Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен және «Темасек» қорымен бірлесіп, Көшбасшылық, Адами ресурстарды басқару және Экономикалық даму бойынша семинарларды өткізуде.
Семинардың алғашқы күні тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.О. Тлеукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Д.К. Еренчинов, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқиды.

Толығырақ: Академияда Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі сарапшыларының қатысуымен мемлекеттік...

Ұлыбританиядан келген сарапшылар сыбайлас жемқорлықты ескерту саласындағы тәжірибелерімен бөліседі

2016 жылдың 3–5 қазаны  аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшылар, тәжірибелі тренерлер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және  алаяқтықпен күрес мәселелері бойынша кеңесшілер Нил Маккалум және Тимоти Солт «Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты ескерту» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.
Нил Дэвид Маккалум мырза басшы және кеңесші, функционалдық талдау, әлеуетті дамыту, өзгерістерді басқару, сондай-ақ қызметтер көрсету саласындағы бақылау және жақсарту мониторингі бойынша сырттай кеңесші ретінде 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік секторды дамыту тиімділігі мәселелері бойынша халықаралық сарапшы, Eunonia компаниясының басқарушы серіктесі болып табылады. Бангладеш, Ботсвана, Эфиопия, Кариб бассейні елдері, Нигерия, Палестина, Сомали, Оңтүстік Африка, Уганда, Украина, Зимбия және Зимбабве елдерінің мемлекеттік құрылымдары, сондай-ақ серіктестер – Ұлыбританияның Халықаралық даму жөніндегі департаменті, British Council, Ынтымақтастық хатшылығы, Еуропалық одақ, Дүниежүзілік банк, БҰҰ ДБ үшін жобалар әзірлеп, оларға басшылық етті.

Толығырақ: Ұлыбританиядан келген сарапшылар сыбайлас жемқорлықты ескерту саласындағы тәжірибелерімен бөліседі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Сингапур Республикасы Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

28092016Бүгін Сингапур Республикасының Құрметті Аға Министрі Го Чок Тонгтың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапур Республикасы Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.
Меморандумға қол қою мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға бағытталған, оның мақсаты – Қазақстанда мемлекеттік басқару ісіне кадрлар даярлаудың ең үздік  моделдерінің бірін енгізу болып табылады.
Меморандум мемлекеттік қызметшілерінің көшбасшылық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік әкімшілік ету саласындағы әлеуетін күшейту үшін арнайы мамандандырылған бағдарламаларды іске асыруды, тәжірибе және идеялар алмасу мақсатында жұмыс және оқу сапарларын ұйымдастыру ды қамтиды.

Толығырақ: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Сингапур...

Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай өткізілген Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы

IMG 60652016 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі, Дипломатия институтының профессоры Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы болып өтті. Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.П. Қожамжаров құттықтау сөз сөйлеп, жоғары награда – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын тапсырды.

Толығырақ: Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай өткізілген Ғылыми кеңестің...

Жоғарғы Соттың қызметшілеріне арналған семинар

image-19-09-16-03-29-1

2016 жылдың 19–23 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін «Көшбасшылық. Мемлекеттік органдар қызметіндегі менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізуде.

Толығырақ: Жоғарғы Соттың қызметшілеріне арналған семинар

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz