ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметшілер жобаларды басқару бойынша дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытып жатыр

IMG 0772Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Модернизация 3.0» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жобалық қызметке қатысатын орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін «Жобаларды басқару негіздері» атты семинар-тренинг басталды.

Іс-шараның мақсаты – жобаларды басқару саласында практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Бағдарлама  айрықша практикалық бағдарға ие және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға әсер ететін персоналдың кәсіби дамуы үшін іргетас жасайды.

Толығырақ: Мемлекеттік қызметшілер жобаларды басқару бойынша дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытып жатыр

Академияда шетелдік эксперттер бюджеттеу және қаржылық әкімшілендіру саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

IMG 0448Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  2017 жылдың 9-11 қазаны аралығында шетелдік сарапшылар Филип Го және Герардус Уйтендаал «Бюджеттеу және қаржылық әкімшілендіру: жетекші елдердің тәжірибесі» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Орталық сайлау комиссиясының, Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Семинар барысында бюджеттік құрылым, бюджеттуедің құралдары мен техникалары, сонымен қатар бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін жүзеге асыру мәселелері қарастырылатын болады. Тыңдаушылар негізгі драйверлерді, мемлекеттік сектордағы қаржылық басқарудың негізгі тұжырымдамаларын, бюджеттеуге жалпы көзқарастардың күшті және әлсіз жақтарын, дамыған елдерде қолданылатын мемлекеттік қаражатты пайдалану туралы қаржылық ақпараттарды есепке алуға мүмкіндік алады.

Толығырақ: Академияда шетелдік эксперттер бюджеттеу және қаржылық әкімшілендіру саласындағы тәжірибелерімен...

Академияда мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша семинар басталды

IMG 0683Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 10-13 қазан аралығында «Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттері мен базалық тиімді мінез-құлқын дамыту және «әдептілік» құзыреті арқылы кез келген сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік танытуға дағдыландыру болып табылады.

Толығырақ: Академияда мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша семинар...

Алматы қаласында «Қоғамдық сананы жаңғырту: аймақтық контекст» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг өтті

DSC 00241991 жылдың 21 желтоқсан күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге – Алматы декларациясына қол қойылған Алматы қаласындағы Достық үйі ғимаратында бүгінгі күннің маңызды шараларының бірі – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған өңірлік семинар-тренинг өткізілді.

Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4-6 қазан күндері өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту: аймақтық контекст» атты өңірлік семинар-тренингтің тыңдаушылары ретінде Алматы қаласы мен Алматы облысынан 77 мемлекеттік қызметші қатысты.

Толығырақ: Алматы қаласында «Қоғамдық сананы жаңғырту: аймақтық контекст» тақырыбында өңірлік...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz