ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық қатынастар бойынша 11-пан-еуропалық конференциясына Мемлекеттік басқару академиясы қатысты

IMG 3526Дипломатия институтының оқытушысы Цхай Алия 2017 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Барселона халықаралық қатынастар институты мен Еуропалық халықаралық қатынастар ассоциацияна бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатынастар бойынша 11-пан-еуропалық конференциясына қатысып қайтты.

Конференция «Дағдарыс уақытындағы халықаралық зерттеулер саясаты» тақырыбында өтті. Доктор Цхай дағдарыстардың Қазақстандағы Еуразиялық интеграцияның дамуына тигізер әсері туралы баяндама жасады.

Аталмыш баяндама Глазго университеті мен Санкт-Петербург экономика жоғары мектебі бірлесе ұйымдастырған пост-кеңестік кеңістіктегі өзгерістер мен дағдарыстарды түсіну бойынша пленарлық отырыс аясында жасалды. Пленарлық отырыс бірлескен зерттеу жобасының бірінші кезеңі болып табылады.

Толығырақ: Халықаралық қатынастар бойынша 11-пан-еуропалық конференциясына Мемлекеттік басқару академиясы...

Академияда әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар басталды

IMG 9786Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  2017 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Латвиядан келеген сарапшы Ярослав Стрельченоктың қатысуымен әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

         Семинарға Конституциялық Кеңестің, Президент Мұрағатының, Президент іс басқармасының, Есеп комитетінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Толығырақ: Академияда әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар басталды

Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институты қақтығыс динамикасы бойынша халықаралық семинарда презентация жасады

Дипломатия институтының оқытушысы, доктор Елена Жирухина Оксфорд университеті Нуфилд колледжінің, «Өзгермелі сипаттағы соғыс» бағдарламасының қолдауы бойынша Оксфорд университеті Халықаралық зерттеулер орталығы және Сэнт Эндрюс университеті Терроризм және саяси озбырлықты зерделеу бойынша орталығының ұйымдастыруымен өткен қақтығыс динамикасы бойынша халықаралық семинар жұмысына қатысты. Семинар қару(сыз) қақтығыстар мен озбырлықсыз қарсыласу және наразылық қызметтен бастап азаматтық соғысқа дейінгі озық зерттеулерге арналды. Семинар жобаларды таныстыруға, олардың бастапқы кезеңіне және тәжірибелі әріптестердің пікірлерін алуға бығытталды.

Толығырақ: Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институты қақтығыс динамикасы бойынша халықаралық...

Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік органдар қызметіне қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу бойынша семинар

IMG 9505Қазақстан Республикасы Прездиентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ресей Федерациясының басқарушы кадрлар қорының базалық және перспективті деңгейі үшін «Мемлекеттік органдар қызметіне қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу» тақырыбындағы семинар бастау алды.

Семинарға Ресей Федерациясының әр түрлі өңірлерінен 30 мемлекеттік қызметші – министрліктердің қызметкерлері, басқарламалар мен департаменттердің басшылары және басшыларының орынбасарлары қатысып жатыр.

Толығырақ: Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік органдар қызметіне қазіргі...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz