ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда қабылдау емтихандары жалғасуда

IMG 6976Бүгін, 2017 жылы 12 тамызда, «Халықаралық қатынастар» магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша емтихан комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр.
Емтихан комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі доктор Герхард САЙЛЛЕР комиссия отырысы қорытындылары бойынша әрбір елдің, Австрия мен Қазақстанның өзіндік ерекшелігі бар екендігін атап өтті, бірақ бүгін ол Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің терең біліміне және олардың қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайын екендігіне көз жеткізді.

Толығырақ: Академияда қабылдау емтихандары жалғасуда

Академия басшылығының Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі

2017 жылғы 26 шілдеде Академия қабырғасында Академия басшылығының Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі болып өтті.

Елші Зулькифли Бахарудин мырза Академия мен Сингапур, оның ішінде Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі (СМҚК) арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Елші жемісті ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінен кейін, СМҚК мемлекеттік секторда тәжірибемен алмасу арқылы әріптестікті одан әрі нығайтуға ұмтылатындығын айтты.

Кездесу барысында Академия 2017 жылдың 5–7 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін, әлемдегі жобалық басқару саласында айтулы оқиғалардың бірі болып табылатын IPMA 30-шы Дүниежүзілік конгресінің тең ұйымдастырушысы болып табылатындығы айтылды. Осы орайда, Сингапур тарапына осы Конгреске баяндамашыларды ұсыну мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сингапур елінің кластерлік экономикада жобалық басқару және мемлекеттік басқару саласындағы мол тәжірибесі атап өтілді.  

Толығырақ: Академия басшылығының Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі

Академияда оқуға қабылдау жалғасуда

IMG 6865

   Бүгін, 2017 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім беру бағдарламалары бойынша емтихан комиссияларының жұмысы басталды.
   Жуық арадағы бірнеше күн ішінде құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Министрліктердің жауапты хатшылары, Астана қаласының әкімі және Ақмола облысының Родина ауыл округінің әкімі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорлары, Астана қаласының мәслихат хатшысы, Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағаларының орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың (ЕО, БҰҰ), шет мемлекеттер елшіліктерінің (Австрия), корпоративтік сектордың (МЖӘ орталығы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ), шетелдік әріптес-жоғары оқу орындарының өкілдері бар комиссиялардың құзыретті мүшелерінің алдында мемлекеттік қызметшілердің қайсысы Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарынан орын алатындығын анықтау міндеті тұр.

Толығырақ: Академияда оқуға қабылдау жалғасуда

СІМ және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастықты жандандыруды уағдаласты

midСыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының басшылығы ректор Фатима Жақыпова, проректор Альтаир Ахметов және Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академия басшысы оқу жүйесін жаңғырту, профессорлық-оқытушылар құрамының деңгейін жоғарылату және заманауи талапқа сәйкес Академия тыңдаушыларының жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Толығырақ: СІМ және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастықты жандандыруды...

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz