ЖАҢАЛЫҚТАР

Академияда Ұлыбританиядан және Малайзиядан келген шетелдік сарапшылар көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиясы бойынша семинар өткізіп жатыр

IMG 9688Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 15-17 мамыры аралығында шетелдік сарапшылар Фаудзалина Газали және Чарльз Кроуфорд «Сөз сөйлеуге дайындалу технологиясы. Спичрайтинг» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Парламент Сенатының, Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы сот кеңесінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Семинардың мақсаты тыңдаушылардың өздігінен презентация және баяндама жасау кезінде жеке тиімділіктерін арттыру, сонымен қатар көпшілік алдында сөз сөйлеудің негізгі дағдыларын меңгерту болып табылады.

Толығырақ: Академияда Ұлыбританиядан және Малайзиядан келген шетелдік сарапшылар көпшілік алдында сөз сөйлеу...

Академияда мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін қалыптастыру сұрақтары бойынша семинар өтті

сем2017 жылдың 26-28 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Канададан келеген сарапшы Стефан Магуайрдың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтегі негізгі құндылықтар тұжырымдамасы. Мемлекеттік қызметшінің этикалық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Толығырақ: Академияда мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін қалыптастыру сұрақтары бойынша семинар...

Қазақстан және БАӘ мемлекеттік басқару саласында ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Школа Дубай2017 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Қазақстан және БАӘ арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.

Делегация құрамын Академия ректоры Фатима Жақыпова және Дипломатия институтының директоры Ануар Аязбеков құрады, делегация мүшелері бірқатар кездесулерді өткізіп, ҚР және БАӘ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.

Толығырақ: Қазақстан және БАӘ мемлекеттік басқару саласында ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Академияда ҚР ОСК Төрағасы орынбасарының дәрісі болып өтті

IMG 9161ҚР Президентінң жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Фоос Владимир Карловичтің «Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі» тақырыбына қонақ дәрісі болып өтті.

Толығырақ: Академияда ҚР ОСК Төрағасы орынбасарының дәрісі болып өтті

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz