ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметшілер тарихы терең Тараз төрінде рухани жаңғыруды жүзеге асыру мәселелері бойынша білімдерін жетілдіруде

 

WhatsApp Image 2017-09-14 at 09.57.55

Академияның ұйымдастыруымен екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: дамудың жаңа кезеңінің  міндеттері»  тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

 

 

  

 

Толығырақ: Мемлекеттік қызметшілер тарихы терең Тараз төрінде рухани жаңғыруды жүзеге асыру мәселелері...

Басқарушылық құзыреттілікті дамыту бойынша қайта даярлау курсы

IMG 8326

«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген  мемлекеттік қызметшілері үшін  күндізгі-қашықтықтан оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы «А» корпусында жаңа лауазымға бейімделу үшін  мемлекеттік қызметшінің құзыретін дамытуға бағытталған.

Академия «А» корпусының басқарушыларына қазіргі коммуникациялық жабдықтар мен  инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, «Жобаларды басқару» модулін оқыту арқылы жаңаша білім беру технологиялары саласына тереңдеп, білім алуына мүмкіндік береді.

Толығырақ: Басқарушылық құзыреттілікті дамыту бойынша қайта даярлау курсы

«Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары

IMG 84772017 жылдың 12–15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтуде.

Cеминардың ең басты мақсаты басқарушылық шешімдерді әзірлеу, талдау  және іске асыру саласында практикалық дағдылар мен  құзыреттерді дамыту болып табылады.

Семинар барысында семинарда  басқарушылық шешімдерді әзірлеу, талдау (бағалау әдістері мен құралдары) және енгізудің практикалық аспектілері (мәселені тұжырымдау, оны шешудің балама нұсқаларын айқындау, оңтайлы нұсқаны таңдау, саясатты енгізудің тәуекелі мен күтілетін нәтижелерін болжау) ашылып көрсетіледі; мәселені шешу ұсынымдарымен бірге талдамалық құжаттарын құрастыру т.б. қарастырылатын болады.

Толығырақ: «Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары

Академияда электораттық оқытудың тренерлерін даярлау бойынша оқыту семинары басталды

vybory2017 жылдың 1 қыркүйегі және 5 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Республиканың өңірлері үшін электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау бойынша оқыту семинары басталды.

 

Толығырақ: Академияда электораттық оқытудың тренерлерін даярлау бойынша оқыту семинары басталды

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz