ЖАҢАЛЫҚТАР

Академия басшылығының Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі

2017 жылғы 26 шілдеде Академия қабырғасында Академия басшылығының Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі болып өтті.

Елші Зулькифли Бахарудин мырза Академия мен Сингапур, оның ішінде Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі (СМҚК) арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Елші жемісті ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінен кейін, СМҚК мемлекеттік секторда тәжірибемен алмасу арқылы әріптестікті одан әрі нығайтуға ұмтылатындығын айтты.

Кездесу барысында Академия 2017 жылдың 5–7 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін, әлемдегі жобалық басқару саласында айтулы оқиғалардың бірі болып табылатын IPMA 30-шы Дүниежүзілік конгресінің тең ұйымдастырушысы болып табылатындығы айтылды. Осы орайда, Сингапур тарапына осы Конгреске баяндамашыларды ұсыну мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сингапур елінің кластерлік экономикада жобалық басқару және мемлекеттік басқару саласындағы мол тәжірибесі атап өтілді.  

Толығырақ: Академия басшылығының Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі

Академияда «PRINCE2» әдісі» тақырыбындағы тренингі өтіп жатыр

 

IMG 1Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 24 және 28 шілдесі аралығында «PRINCE2» әдісі» тақырыбындағы бес күндік тренингі өтіп жатыр.

Тренинг барысында жобаларды басқару кезінде маңызды шешімдер қабылдау сәттері, PRINCE2 құрылымы, жетістікке жету критерийлері, сондай-ақ жобаларды басқару қарастырылады.

Толығырақ: Академияда «PRINCE2» әдісі» тақырыбындағы тренингі өтіп жатыр

СІМ және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастықты жандандыруды уағдаласты

midСыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының басшылығы ректор Фатима Жақыпова, проректор Альтаир Ахметов және Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академия басшысы оқу жүйесін жаңғырту, профессорлық-оқытушылар құрамының деңгейін жоғарылату және заманауи талапқа сәйкес Академия тыңдаушыларының жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Толығырақ: СІМ және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастықты жандандыруды...

Академияда профессор-оқытушылар құрамының бос орындарына орналасуға конкурс жарияланды

33 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар мен басқа да ақпарат «Бос орындар» бөлімінде орналасқан. 

 

 

 

Құрметті профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарының конкурсына қатысушылар!

 

Ағылшын деңгейін анықтауға ниет білдірушілер (IELTS,TOEFL сертификаты жоқ), биыл 1-2 тамызда APTIS тест өтуге болады.  Төлемақыны 2017 жылдың 27 шілдесінен қалдырмай төлеу қажет.

Тіркелу үшін: +7 7172 753443, +7 7172 753132 қоңырау шалуыңызды сұраймыз, WhatsApp +7 702 541 93 99 +7 702 339 69 90.

https: //www.britishcouncil.kz/ru/exam/aptis ақпарат сайтынан APTIS тест туралы мәліметті қарауға болады.

Толығырақ: Академияда профессор-оқытушылар құрамының бос орындарына орналасуға конкурс жарияланды

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz