Бос орындар

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

 

1

Қызмет атауы:

 

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының Мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоспарлау және кәсіби дамыту бағдарламаларын ілгерілету кабинетінің жетекші сарапшысы (негізгі қызметкерді алмастыру уақытына)

2

Негізгі қызметтік міндеттері:

- бюджеттік бағдарламаға сәйкес шетелдік сарапшыларды тартумен, кәсіби білім беру бағдарламаларының жоспар-кестелеріне (біліктілікті арттыру) сай біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастыру,

- персоналды басқару қызметтерімен ынтымақтастық, топтарды құру және бюджеттік бағдарламаға сәйкес шетелдік сарапшыларды тартумен кәсіби білім беру кестелерінің (бағдарлама) орындалуын қамтамасыз ету,

- мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, есептік материалдар, кіріс хат-хабарларына жауап дайындау үдерісінде Институттың құрылымдық бөлімшелерімен тығыз өзара қарым-қатынас,

- оқытудың бағыттары, түрлері мен формалары қимасында оқыту жоспарларын жинауды, өңдеуді, құруды және орындауды жүзеге асыру,

- бағдарламаға сай оқу материалдарын алдын ала тексеруді жүргізу, оқу материалдарының барлық түрлерін сапалы аудармамен қамтамасыз ету саласында аударма компаниясымен өзара іс-қимыл жасау,

- тыңдаушылардың сабаққа қатысуын мониторингілеу және бақылау, оны есепке алу, тыңдаушылардың тәртібі туралы персоналды басқару қызметін дер кезінде хабардар ету,

- мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігін, күтілетін нәтижелерді анықтау бойынша мемлекеттік қызметшілерге сауалнамаларды тарату және жинау,

- тыңдаушылардың ағымдағы, аралық, қорытынды бақылауларын ұйымдастыру, кәсіби дамыту бағдарламаларын өту кезінде тыңдаушыларға қызметтер туралы кеңес беру,

- мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыьу бағдарламаларын сәтті аяқтағандығы туралы сертификаттарды даярлау,

- оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оның сапасын арттыру бойынша нормативтік құжаттарды және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

3

Білімі:

 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (мүмкіндігінше шетелдік жоғары оқу орын) және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы

4

Жұмыс тәжірибесі:

Білім беру ұйымдарында немесе мамандық бойынша (мүмкіндігінше шетелдік немесе Қазақстанның жоғары рейтингтік ЖОО) және/немесе мемлекеттік қызметте 3жылдан кем емес жұмыс өтілі

5

Жеке қасиеттері мен құзыреттері:

 

стратегиялық ойлау;

өзгертулер мен жетілдірулерді басқару;  

тиімді шешімдерді қабылдау;

ынтымақтастық пен серіктестік;

әлеуетті арттыру;

жауапкершілік және ұйымдастырушылық;  

білім беру қызметтерінің клиентіне бағдарлану.

6

Тілдерді білуі:

Қазақ, орыс, ағылшын – еркін

7

Жұмыс жағдайы:

 

бәсекеге қабілетті еңбекақы: жұмыс өтілі бойынша айлық және ғылыми дәреже болған жағдайда қосымша төлем ақы;

денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлей отырып, жыл сайын 30 күнтізбелік күн демалыс;

біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

8

Қабылдау мерзімі:

үміткерді іріктегенге дейін.

 

 

Резюмелеріңізді ұсынылып отырған бос орын атымен   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне жолдауларыңызды сұраймыз.

 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес аймақтық филиалдардың профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының (пәндерінің) бағыттары бойынша:

 

  • Көшбасшылық дағдылар

 

(digitalage көшбасшылық, Интеллект-карталар);

 

  • Жобалық менеджмент

 

(Жобаларды басқарудағы стандарттар,Жобаларды басқару тәсілдерін практикалық қолдану);

 

  • Адами ресурстарды басқару және көшбасшылық

 

(Көшбасшылық, Мемлекеттік қызметшінің сыни ойлауы, Басшы әдебі, Басшының табысты коммуникативтік дағдылары, Қоғаммен өзара іс-қимыл. Жария сөз сөйлеу, Қызметті басқару);

 

  • Мемлекеттікжәнестратегиялықменеджмент

 

(Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау, Жобалық менеджмент, Стратегиялық жоспарлау және бюджеттендіру, НҚА әзірлеу және тіркеу, Мемлекеттік органдардың есеп берушілігі. Қызмет тиімділігін бағалау, Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілер);

 

  • Саясатты талдау және бағалау

 

(Мемлекеттік саясатты талдау, Реттеушілік әсерді бағалау, Қауіпсіздік проблемалары және шиеленістерді реттеудің жолдары);

 

  • Мемлекеттік қызмет жүйесі және әдеп

 

(Руханижаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік қызметшілердің әдебі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы, Мемлекеттік қызметтер. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, Қызметті тұтынушыға бағдарлану, Қызметті тұтынушыны ақпараттандыру, Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау);

 

  • Мемлекеттік басқару практикасы

 

(Жаңа мемлекеттік менеджмент, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, Жобалық менеджмент, Стратегиялық жоспарлау және бюджеттендіру, Ақпараттық-талдамалық жұмыс, Іс-қағаздарын және ресми қатынасхаттардыжүргізу);

 

  • Жеке даму

 

(Қызметті басқару, Мансаптық өсудің мотивациясы, Ұйымдастырушылық мінез-құлық, Мемлекеттік қызметшінің уақытын ұйымдастыру, Коммуникативтік дағдылар. Командалық жұмыс,Тиімді презентация дағдылары, Халықпен өзара іс-қимыл мәдениеті);

 

 

 

ІІ. мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру тақырыптары бойынша:

 

  • Стратегиялық жоспарлау және бюджеттендіру;
  • Статистикалық модельдеу;
  • Мемлекеттік қаржы және бюджет;
  • Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар және әлемдік саясат;
  • Шешімдерді қабылдау және мемлекеттік саясат;
  • Әлеуметтік саясат, бағдарламалар мен жобалар;
  • Өңірлік саясат;
  • Қоғамдағы әлеуметтік шиеленістер. Азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы;
  • ҚБШ сәйкес құзыреттерді дамыту;
  • Мемлекеттік саясаттағы ақпараттық технология;
  • Мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар;
  • Тәлімгерлік;
  • Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық;
  • Адами ресурстарды басқару;
  • Басқару технологиясы;
  • Ұйымдастырушылық мінез-құлық;
  • Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  • «Тайм-менеджмент», «Халықпен өзара іс-қимыл мәдениеті», «Эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу»;
  • «Менеджмент және көшбасшылық: Қалай қазіргі заманғы басшы болуға болады?», «Интеллект-карталар» (mindmaps), «Шиеленістерді басқару өнері»;
  • «Іскерлік келіссөздер: сендіре білу қабілеті» «Стрессменеджмент» «Айла-амалдарға қарсы тұру»;
  • Жобаларды басқару (базалықдеңгей);
  • Тәуекелдерді басқару;
  • Жобаларды басқару (ілгері деңгей);
  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды зерделеу бойынша семинар;
  • Мемлекеттік аудиттің әдістемесі;
  • Мемлекет және бизнес: «көпір» бар ма?;
  • Сыртқы саяси талдау;
  • Экономикадағы мемлекеттік саясатты талдау;
  • Бухгалтерлік есеп: талдау және аудит, мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
  • Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;
  • Өңірлерде ҚР-ның мемлекеттік жастар, отбасы және гендерлік, кадрлық саясатын жүзеге асыру.

 

 

Академия филиалдары

Бос лауазымдар

Филиалдардың байланыс мәліметтері

Алматы қаласы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік)

Алматы қаласы, Достык даңғылы 134, (БЦ "Пионер-2"), офис 417, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Алматы облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік),

ассистент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақмола облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7162)258202

Ақтөбе облысы

 

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), аға оқытушы (3бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8 (7132) 55-23-91 56-75-33              

Атырау облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), оқытушы (1бірлік), ассистент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7122) 27 09 34, 27-28-90

Шығыс Қазақстан облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), ассистент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8-(7232)-701-917

Жамбыл облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), оқытушы (1 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7262) 56 86 82, 56 86 81

Батыс Қазақстан облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), аға оқытушы (1 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7112) 24 44 14

Қарағанды облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7212) 44 54 30

Қостанай облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), ассистент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7142)54 07 64

Қызылорда облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік),

ассистент (2 бірлік)

www.kzorda-rco.kz ,

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7242) 263284

Маңғыстау облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік), ассистент (1 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8 (7292) 305554, 305549

Павлодар облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік),
ассистент (2 бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7182) 32-30-59

Солтүстік Қазақстан облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (1бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8-(7152)36-50-90

Оңтүстік Қазақстан облысы

Профессор (1бірлік),

доцент (2бірлік)

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,

8(7252) 53-94-05

 

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академияның регион бойынша филиалы директорының атына өтініш (еркін үлгіде) береді.

 

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

 

1)    кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

 

2)    өмірбаян;

 

3)   жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және  салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

 

4)   қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және  салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

 

5)    ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
6)  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) №086 нысан бойынша медициналық анықтама;

 

7)   тұлғаныңқылмыстыққұқықбұзушылықжасағанытуралыҚазақстанРеспубликасының Бас прокуратурасыныңҚұқықтықстатистикасыжәнеарнайыесепкеалуқомитетіменберілетін, есепкеалынубойыншамәліметініңболуы, не болмауытуралыанықтамасы.

 

8)    профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес)*;

 

9) ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтаужәнеәлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген«Наркологиялықұйымнананықтама беру»мемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкеснысанбойыншаконкурсқақатысушыесептетұрмайтындығытуралынаркологиялықұйымнананықтама (немесеқорытындыныңнотариалдықкуәландырылғанкөшірмесі);

 

10) №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (ғылыми жарияланымдарының тізімі, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

 

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кеш емес, 2018 жылғы 8 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін (сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін).

 

Құжаттарды қабылдау электрондық пошта немесе қолма-қол тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

 

*Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.

 

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы профессор-оқытушылар құрамының ашық лауазымдары

 

 

Лауазым атауы:

Профессор

Негізгі лауазымдық міндеттер

Жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) және қосымша (мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, пәндерді әзірлеуге және олардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне (оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, практикумдар, кейстер, ситуациялық тапсырмалар мен т.б.) қатысады.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып оқу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді.

Бағалау саясатын әзірлейді және ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нысанын айқындайды. Оқуға түсу және қорытынды емтихан бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Білім алушылардың тағылымдамалар мен практикалардан өтуін әзірлеуге қатысады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде оқытушылық және зерттеу қызметін жүзеге асырады.

Отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықта зерттеу қызметін жүзеге асырады. Білім алушылардың зерттеу қызметін үйлестіреді.

Академияның зерттеу қызметі шеңберінде гранттық өтінімдерді дайындауды және бюджеттен тыс қаражатты тартуды үйлестіреді және жүзеге асырады.

Оқу процесіне зерттеу нәтижелерін енгізуді қамтамасыз етеді (мақалалар, жарияланымдар, конференциядағы баяндамалар және т.б.).

Академияның корпоративтік басқару органдарының жұмысына қатысады.

Білімі:

PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы.

Жұмыс тәжірибесі:

ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе басшылық лауазымдарда практикалық жұмыста еңбек өтілі кемінде 8 жыл;

жоспарлы ғылыми жарияланымдарының, зерттеу жобаларының, гранттардың болуы құпталады.

Кәсіби талаптар

оқулықтар және/немесе оқу-әдістемелік әзірленімдерінің болуы;

нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда жарияланымдарының және/немесе   ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық конференцияларда баяндамаларының болуы;

H-индекс (мүмкіндігінше);

қазақстандық және/немесе халықаралық ұйымдардың гранттық қаржыландыруымен іргелі және/немесе ғылыми-қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы;

стипендиялар мен кәсіби марапаттар (наградалар) иегері (мүмкіндігінше);

пәндері бойынша силлабусының болуы;

студенттердің оқытушылық қызметін бағалауы (мүмкіндігінше).

Тілдерді білуі

қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілі (ағылшын)

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ C1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 400 балл)

Кәсіби және тұлғалық құзыреттері

стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және әріптестік; әлеуетті арттыру; ұйымдастырушылық және жауапкершілік; білім беру қызметтері клиентіне бағдарлану.

Жұмыс жағдайы:

1,5-ден 2,5-ге дейін жоғарылатылған коэффициенттерді қолданумен, еңбек өтілі бойынша еңбекақы және ғылыми дәрежесіне қосымша төлем, сауықтыруға арналған жәрдемақысы бар 56 күнтізбелік күндік жыл сайынғы демалыс;

біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

Лауазым атауы:

Доцент

Негізгі лауазымдық міндеттер

Жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) және қосымша (мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, пәндерді әзірлеуге және олардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне (оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, практикумдар, кейстер, ситуациялық тапсырмалар мен т.б.) қатысады.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып оқу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді.

Бағалау саясатын әзірлейді және ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нысанын айқындайды. Оқуға түсу және қорытынды емтихан бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Білім алушылардың тағылымдамалар мен практикалардан өтуін әзірлеуге қатысады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде оқытушылық және зерттеу қызметін жүзеге асырады.

Отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықта зерттеу қызметін жүзеге асырады. Білім алушылардың зерттеу қызметін үйлестіреді.

Академияның зерттеу қызметі шеңберінде гранттық өтінімдерді дайындауды және бюджеттен тыс қаражатты тартуды үйлестіреді және жүзеге асырады.

Оқу процесіне зерттеу нәтижелерін енгізуді қамтамасыз етеді (мақалалар, жарияланымдар, конференциядағы баяндамалар және т.б.).

Академияның корпоративтік басқару органдарының жұмысына қатысады.

Білімі:

PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше).

Жұмыс тәжірибесі:

ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе басшылық лауазымдарда практикалық жұмыста еңбек өтілі кемінде 5 жыл;

жоспарлы ғылыми жарияланымдарының, зерттеу жобаларының, гранттардың болуы құпталады.

Кәсіби талаптар

оқулықтар және/немесе оқу-әдістемелік әзірленімдерінің болуы;

нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда жарияланымдарының және/немесе   ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық конференцияларда баяндамаларының болуы;

H-индекс (мүмкіндігінше);

қазақстандық және/немесе халықаралық ұйымдардың гранттық қаржыландыруымен іргелі және/немесе ғылыми-қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы;

стипендиялар мен кәсіби марапаттар (наградалар) иегері (мүмкіндігінше);

пәндері бойынша силлабусының болуы;

студенттердің оқытушылық қызметін бағалауы (мүмкіндігінше).

Тілдерді білуі

қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілі (ағылшын)

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ C1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 400 балл)

Кәсіби және тұлғалық құзыреттері

стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және әріптестік; әлеуетті арттыру; ұйымдастырушылық және жауапкершілік; білім беру қызметтері клиентіне бағдарлану.

Жұмыс жағдайы:

1,5-ден 2,5-ге дейін жоғарылатылған коэффициенттерді қолданумен, еңбек өтілі бойынша еңбекақы және ғылыми дәрежесіне қосымша төлем, сауықтыруға арналған жәрдемақысы бар 56 күнтізбелік күндік жыл сайынғы демалыс;

біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

Лауазым атауы:

Аға оқытушы

Негізгі лауазымдық міндеттер

Жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) және қосымша (мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, пәндерді әзірлеуге және олардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне (оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, практикумдар, кейстер, ситуациялық тапсырмалар мен т.б.) қатысады.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып оқу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді.

Бағалау саясатын әзірлейді және ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нысанын айқындайды. Оқуға түсу және қорытынды емтихан бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде оқытушылық және зерттеу қызметін жүзеге асырады.

Академияның зерттеу қызметі шеңберінде гранттық өтінімдерді дайындауға және бюджеттен тыс қаражатты тартуға қатысады.

Оқу процесіне зерттеу нәтижелерін енгізуді қамтамасыз етеді (мақалалар, жарияланымдар, конференциядағы баяндамалар және т.б.).

Академияның корпоративтік басқару органдарының жұмысына қатысады.

Бекітілген жоспарға сәйкес эдвайзер жұмысын жүргізеді.

Білімі:

PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не магистр дәрежесінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі:

ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе басшылық лауазымдарда практикалық жұмыста еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

жоспарлы ғылыми жарияланымдарының, зерттеу жобаларының, гранттардың болуы құпталады.

Кәсіби талаптар

жарияланымдарының (мүмкіндігінше нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда) және/немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарының болуы;

қазақстандық және/немесе халықаралық ұйымдардың гранттық қаржыландыруымен іргелі және/немесе ғылыми-қолданбалы жобаларға қатысуы (мүмкіндігінше);

пәндері бойынша силлабусының болуы;

студенттердің оқытушылық қызметін бағалауы (мүмкіндігінше).

Тілдерді білуі

қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілі (ағылшын)

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ C1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 400 балл)

Кәсіби және тұлғалық   құзыреттері

стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және әріптестік; әлеуетті арттыру; ұйымдастырушылық және жауапкершілік; білім беру қызметтері клиентіне бағдарлану.

Жұмыс жағдайы:

1,5-ден 2,5-ге дейін жоғарылатылған коэффициенттерді қолданумен, еңбек өтілі бойынша еңбекақы және ғылыми дәрежесіне қосымша төлем, сауықтыруға арналған жәрдемақысы бар 56 күнтізбелік күндік жыл сайынғы демалыс;

біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

Лауазым атауы:

Ассистент

Негізгі лауазымдық міндеттер

Жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) және қосымша (мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, пәндерді әзірлеуге және олардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне (оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, практикумдар, кейстер, ситуациялық тапсырмалар мен т.б.) қатысады.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып оқу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді.

Бағалау саясатын әзірлейді және ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нысанын айқындайды. Оқуға түсу және қорытынды емтихан бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде оқытушылық және зерттеу қызметін жүзеге асырады.

Академияның зерттеу қызметі шеңберінде гранттық өтінімдерді дайындауға және бюджеттен тыс қаражатты тартуға қатысады.

Оқу процесіне зерттеу нәтижелерін енгізуді қамтамасыз етеді (мақалалар, жарияланымдар, конференциядағы баяндамалар және т.б.).

Академияның корпоративтік басқару органдарының жұмысына қатысады.

Бекітілген жоспарға сәйкес эдвайзер жұмысын жүргізеді.

Білімі:

Жоғары білім, магистр (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) дәрежесінің болуы.

 

Жұмыс тәжірибесі:

Білім беру мекемелерінде немесе мамандық бойынша (мүмкіндігінше шетелдік немесе Қазақстанның жоғары рейтингті ЖОО-ның) және/немесе мемлекеттік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

Кәсіби талаптар

Алдыңғы жұмыс орынынан ұсыныс хат;

Біліктілікті арттыру бойынша қазақстандық және халықаралық сертификаттар және/немесе білім беру бағдарламаларына қатысуы.

Тілдерді білуі

қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілі (ағылшын)

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ C1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 400 балл)

Кәсіби және тұлғалық   құзыреттері

стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және әріптестік; әлеуетті арттыру; ұйымдастырушылық және жауапкершілік; білім беру қызметтері клиентіне бағдарлану.

Жұмыс жағдайы:

1,5-ден 2,5-ге дейін жоғарылатылған коэффициенттерді қолданумен, еңбек өтілі бойынша еңбекақы және ғылыми дәрежесіне қосымша төлем, сауықтыруға арналған жәрдемақысы бар 56 күнтізбелік күндік жыл сайынғы демалыс;

біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

adres-niz

 

010000 Астана, пр. Абая, 33 а,
Приемная комиссия: 8 (7172) 75 34 77

тел/факс: 75 32 68

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
www.pa-academy.kz